nazarmedia.kz 13.03.2024 – Хромтау көшелерінің бірінде гиперкаска мен жарық тоннель салынады

ERG компаниясының қолдауымен қолға алынған «Tugan Qala» және «Tugan Qala Birlestik» жобаларының қорытындысы шықты. Моноқалада көп ұзамай демалыс орны мен басқа да бірнеше шағын инфрақұрылым нысандары салынады.

ERG компаниясының қолдауымен қолға алынған «Tugan Qala» және «Tugan Qala Birlestik» жобаларының қорытындысы шықты. Моноқалада көп ұзамай демалыс орны мен басқа да бірнеше шағын инфрақұрылым нысандары салынады. Ал бұл жобаларды қала тұрғындарының өздері таңдаған болатын. Жеңімпаз жобалар биыл ЕRG мен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасындағы Меморандум есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсаттарға ЕRG 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

Жыл басында «Tugan Qala» жобасының дауыс беру кезеңі өтіп, 27 жобалық ұсыныс қаралып, 10 жеңімпаз анықталған болатын. Ал қаржысы жағынан өзгерек әрі ірі инфрақұрылымдық нысандарға бағытталған «Tugan Qala Birlestik» ауқымды бағдарлама аясында үш локация таңдалды. Олардың ішінде ең көп дауыс жинағанын ERG қаржыландырады. Орталық саябақта  шахтерлер қалашығының символына айналатын гипер-каска іспетті креативті  алаңның құрылысы бойынша ауқымды жоба бой көтереді. Оның құрылысы осы жазда басталмақ. Тағы бір жоба бюджет есебінен іске асырылады.

– Бұл іске тұрғындардың бар ықыластарымен қатысуы мен қолдауын көргенде көңілге қуаныш ұялатады, — деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов. –  Идеяларды жүзеге асыруда қала тұрығндары әрқашан белсенділік таныта білді. «Tugan Qala Birlestik» пилоттық жобасының сәтті аяқталып, жақын арада тұрғындар үшін отбасылық демалыс орындарының инфрақұрылымдық нысандары пайда болатынына қуаныштымын.

дереккөзі