«Шұбаркөл көмір» АҚ

Қазақстандағы ірі энергетикалық көмір өндірушілерінің бірі. Шұбаркөл көмірін оның жоғары калориялығына және күлінің аз болуына байланысты оны экологиялық таза энергия тасымалдаушыларға жатқызады.

Бас директоры

Сергей Павлович Ким

Кәсіпорында екі көмір кеніші бар: "Орталық" және "Батыс". Көмір ашық тәсілмен өндіріледі. 2022 жылы өндірілген көмірдің көлемі – 12 млн. 540 мың тонна. Кәсіпорын өндірісті әртараптандыру және импортты алмастыру мәселесін шешу жобаларын іске асырып жатыр. Қазақстанның ферроқорытпа өнеркәсібіне арналған қалпына келтіргіш-арнайы коксты өндіретін зауыт, гидрометаллургияда, алтын өндіруде, фосфат өнеркәсібінде және суды тазартуда қолданылатын белсендірілген көмір – абсорбент өндіретін цех іске қосылды. Шұбаркөл кен орнының мүжілген көмірінен гуминді тыңайтқыштар өндіретін қондырғының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары аяқталды.

«Шұбаркөл көмір» АҚ

Республика Казахстан,100004, г. Караганда, ул. Асфальтная, 18

Қабылдау бөлімі
8 (7212) 93 01 10
8 (7212) 44 05 16

Кеңсе
8 (7212) 93 02 85

E-mail shk@erg.kz