nazarmedia.kz 22.04.24 – ERG негізін қалаушылары-акционерлері су тасқыны салдарын жоюға қосымша көмек көрсетеді

Еуразиялық Топтың (ERG) негізін қалаушылары-акционерлері су тасқыны салдарын жоюға қосымша 40 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді.

Еуразиялық Топтың (ERG) негізін қалаушылары-акционерлері су тасқыны салдарын жоюға қосымша 40 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді.

— Бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың уайымына ортақпыз. Қалыпты өмірге тез оралады деп үміттенеміз. Сондықтан олардың туған жерлеріндегі үйлері мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге қаражат бағыттап жатырмыз.  Әлеуметтік-бағдарланған компания бола тұра, бейжай қарай алмадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауымен зардап шеккен өңірлер қалпына келтіріліп жатыр, бұл күрделі жұмыстарды біз де қолдаймыз. «Біз біргеміз» — бұл сөздер күші мен ынтымағы жарасқан Қазақстан халқын дәл бейнелейді, — дейді Топ акционерлері.

Бұған дейін көмек көрсетуге Еуразиялық Топ 500 млн теңге, ал Еуразиялық банк 450 млн теңге бағыттаған еді .

Сонымен қатар ERG кәсіпорындары туған өңірлерде тасқынға қарсы шараларға қатысып жүр, техника, материалдар ұсынып, эвакуацияланған адамдарды уақытша панамен қамтамасыз етуде. Кәсіпорындардың еріктілері бөгет құрылысына қатысып, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүр.

дереккөзі