Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық Astana Mining & Metallurgy тау-кен металлургия конгресі алаңында 7 қазақстандық тауарөндірушімен жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын 10 offtake-келісім шарт жасасты.
Келесі жеткізушілермен төмендегідей келісім шаттарға қол қойылды:
- «Asia Trafo» ЖШС – электр пештеріне арналған трансформаторлар жеткізу;
- «Каспий Плюс» ЖШС – жартылайвагон люктеріне қақпақ, редукторлар, бекіту арматурасы, қаптамалар;
- «ИП Борусан Макина Казахстан» ЖШС – шөміштер;
- «НАРТАС» ЖШС – электрлі емес қоздыру құралдары;
- «Казахстанское Промышленное Предприятие» ЖШС – бекітпе реттеуші арматуралар, электр машиналарының қосалқы бөлшектері, электр машиналарының шарғылары, электр машиналары, қаптамалар, электр машиналарының қалқан ұстауыштары, электр машиналарының щеткалары мен қосалқы бөлшектері, компрессорлық қондырғылар.
- «Швейная фабрика Светлана» ЖШС – металлургтер мен дәнекерлеушілердің арнайы киімдері;
- «Семейский Олово Литейный Завод» ЖШС – баббиттер.
ERG импортты алмастыру бастамаларына белсене қатысып, әріптестіктің потенциалын нығайтатын алаңдарды әрдайым қызу қолдап келеді. Бұл келісімдер – Мемлекет басшысының елішілік құндылықты арттыру тапсырмасын іске асыру бағытындағы тағы бір нақты қадам. ERG Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдап, дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Естеріңізде болса, осыдан 1 апта бұрын Eurasian Resources Group (ERG) 12-ші Халықаралық KIOSH еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігі көрмесінде отандық арнайы киім және аяқ киім өндірушілермен 2 млрд теңгелік offtake-келісім шарттарға қол қойған болатын.
Осыған дейін жасалған келісім шарттарды қоса есептер болсақ, қазір ERG мен қазақстандық тауарөндірушілер арасында жалпы сомасы 40 млрд теңгеден астам қаражаттың offtake-келісім шарттары бар.
- Бұрын шеттен импортталып келген тауарларды offtake-келісім шарттар арқылы жергілікті жерде өндіру – шағын және орта бизнестің дамуына қозғау салады. Өндіріске инвестиция құйылып, технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып, сайып келгенде аймақтардың әл-ауқаты мен елдің бюджетіне түсімнің артуына сеп. Серіктестеріміздің қатарын отандық компаниялар ұлғайтып жатқаны бізді қуантады. Олар біздің өндіріске маңызды өнімдерді меңгеріп, импортқа тәуелділікті азайтады. Әрі жеткізілімдердің сенімділігін арттырады,- деді «ERG Коммерция орталығы» ЖШС Бас директоры Руслан Мулюкбаев.
Қол қойылған келісім – ҚР Үкіметі іске асырып жатқан импортты алмастыру бағдарламасын нақты іспен қолдау.
Offtake-келісім шарттар – елімізде жаңа өндірістің ашылып, дамуына септесудің ең тиімді тәсілі. Біріншіден, құжат алдын ала мақұлданған көлемді тапсырыс берушінің жеткізушіден белгілі бір бағамен сатып аларына кепілдік береді. Яғни, бағаға келгенде шетелдік өндірушілермен бәсекелі болуына сеп. Екіншіден, жеткізуші міндеттемелерді тек келесі жылға бекітілген кесте мен талаптар айқындалған соң барып өз мойнына алады. Үшіншіден, offtake-келісім шарт екінші деңгейлі банктерден өндірісті дамытуға қаражат алуға сеп болады. Келісім қосымша қамсындандыру есебінде жүре алады.
Осы орайда, ERG-дің жыл сайынғы сатып алуларының жалпы көлемі – 1,7 трлн теңгеге жуықтайды. Өткен жылдың қорытындысында ондағы отандық тауарөндірушілер мен қызмет ұсынушылардың үлесі – 68%.
ERG 2020 жылы импортты алмастыру бағдарламасын қолға алған. Оның аясында кез келген қазақстандық өндіруші біздің елде өндірісін ашып, жолға қойғысы келетін тауар немесе тауарлар түрін атап көрсетіп өтінім бере алады. Өтінім қолдау тапса, ERG бұл компаниямен ұзақмерзімді шарт немесе оффтейк-келісімін жасаса алады. ERG-дің Коммерция орталығы 2020-2023 жылдар аралығында бұрын шеттен алынып келген 2 млрд теңгелік 174 тауар түрін отандық тауарөндірушілерден сатып алып, импортты алмастырған. Қазір бағдарламаға енген тауарлар тізімінде 19 мың өнім түрі бар. Олар түгелдей дерлік – импортталатын өнім. Яғни, Қазақстанда осы түрлерінің өндірісін жолға қою мүмкіндігі бар.