Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) жаһандық қатерлер мен құбылмалы нарықтарда компанияны одан ары нығайтып, дамыту қамында Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізгенін хабарлайды.
Директорлар кеңесінің жаңарған құрамында:
Шухрат Алиджанович Ибрагимов, Кеңес құрамына 2021 жылы еніп, Директорлар кеңесінің төрағасы сайланған.
Сабир Патохович Шодиев бұл қызметте Патох Каюмович Шодиевті алмастырды.
Эдуард Юрьевич Сурлевич бұл қызметте Александр Антонович Машкевичті алмастырды.
Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин мен ҚР қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевтер Директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.
Бұған дейін Директорлар кеңесіне мүше болған Топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Антонович Машкевич пен Патох Каюмович Шодиев, Алиджан Рахманович Ибрагимов компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. 2014 жылы қолға алынған бизнесті ауқымды трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде ERG салалық стандарттарды қалыптастыратын әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Компания кәсіпорындары орналасқан елдерде ондаған мың жұмыс орындарын ашып, жергілікті қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.
Жаңарған Директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер Компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене араласып, салада мол тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Топ акционерлерімен бірлесіп, ERG-дің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мен міндеттерін атқаруға септесіп келді. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен корпоративтік құндылықтарға адалдығы Компаниядағы бірізділікті сақтап, табиғи буын алмасу процесін қамтамасыз етеді.
ERG-дің миссиясы — Өзіміз айналысатын істе үздік болу. Өз құндылықтарымызға адал бола отырып, әлеммен бірге даму. Жер мен адамзаттың әлеуетін ұқыпты аша отырып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету. Бұл ұстанымдар өзгеріссіз қалады.
Бізге сенім артып, қолдау көрсетіп келе жатқан қызметкерлеріміз, серіктестеріміз бен тұтынушыларға алғыс айтамыз. Біз бірлесіп дәстүрге құрметпен қарап, жаңа жетістікке ұмтылыс пен инновацияларға талпынысты үйлестіре аламыз.