ERG-дің корпоративтік университеті (КУ) Лондонда халықаралық EFMD Excellence in Practice Awards 2024 байқауының «Кәсіби білім беру» аталымында «үздік» деп танылған. Тренажер-симуляторларды қолдана отырып, автотүсіргіш жүргізушілерін даярлау жобасын ұсынған Корпоративтік университет қазақстандық компаниялар арасынан алғашқы болып, осы айтулы сынның жеңімпазы атанды.
ERG-дің Корпоративтік университеті халықаралық «Еуропалық менеджментті дамыту қоры» (EFMD) қауымдастығы басшыларының даму жөніндегі конференциясына шақырылған. Ол корпорациялар, бизнес-мектердегі кәсіби мамандар мен жеткізушілер арасындағы серіктестікті нығайтып, оқыту мен кәсіби сала мамандарының арасындағы байланысты берік етуге ұмтылады. EFMD Excellence in Practice Awards 2024 байқауында биыл 40 компания өкілдері бақ сынады. Олардың қатарында GOOGLE, Bayer & IMD, KPMG және тағы басқалары бастаған әлемдік алпауыттар да бар. Тренажер-симуляторларды қолдана отырып, автотүсіргіш жүргізушілерін даярлау кейсін ERG-дің корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова мен аймақтық инфрақұрылым жөніндегі директоры Руслан Исмухамбетовтер Pecha Kucha форматында таныстырды. Толымды ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.
- Даму мен тиімділік – ERG құндылықтарының қатарында. Сондықтан, компания қызметкерлерді оқытуды басым бағыттардың бірі деп біледі. Қазір технологиялар қарқынды дамып келеді. Оларды тек біліп қана қоймай, тиімді нәтижелерге қол жеткізу қамында барынша пайдалану компанияларға, тиісті салаларға, тіпті бүкіл елге ерекше маңызды. Біздің корпоративтік университетіміз де трендтен қалмай, еуразиялықтардың заманауи дағдыларды меңгеруіне күш салып келеді,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.
ERG тап болған маңызды бизнес сын-қатердің бірі – ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің құзіретін арттыруға қытысты. Компанияның қазіргі көлік паркі автотүсіргіштерді тиімді әрі қауіпсіз басқара алатын білікті мамандарды қажет етеді. Бұл түйткілді шешу үшін кешенді бағдарлама әзірленді. Ол жүргізушілердің дағдыларын жақсартып, эксплуатациялық шығындарды қысқартуды көздейді. Бұл ұстаным персоналдың қауіпсіздігі мен кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға шығарындыларды айтарлықтай азайтады деп күтіледі.
– Үздік оқыту стандарттарына сәйкес келу үшін осыдан 2 жыл бұрын халықаралық аккредитациядан өту керек деген шешімге келдік, - дейді ERG-дің корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова. – Бұл өзіңді мойындату мен үздіксіз жетілдіруден тұратын ұзақ жол. Осы жолда байқауларға қатысу – міндетті талап. Қазір қай деңгейде екенімізді білу үшін өзімізді үздіктермен салыстыруымыз керек. Бұл жеңіс – ERG-дің корпоративтік университетін – әлемдегі үздіктердің бірі ретінде танытып, аккредитациядан өту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Осындай мәртебелі марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық компаниямыз. Марапат – бүкіл команда жұмысының ортақ нәтижесі. Біз жүргізушілерді дамытудағы инновациялық тәсілдеріміз тек кәсіби дағдыларды шыңдап қана қоймай, орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауға да сүбелі үлес қосарын мақтан тұтамыз.
Бағдарламаны әзірлеу барысында оның экологиялық мазмұнына да ерекше көңіл бөлінген. Тау-кен көліктері парниктік газ шығарады. Сондықтан, экологияға жүктемені азайтуды ERG маңызды міндеттің бірі ретінде айқындаған. Оқыту бағдарламасы жанар-жағармай шығынын азайтып, шиналардың тозбауына да сеп.
Жобаның әлеуметтік маңызы – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл – ERG-дің басты құндылықтарының бірі. Оқыту шынайы жағдайларға барынша жақындатылған жағдайда жүргізіліп, жүргізушілердің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірместен, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді. Оқытуға ауыр карьерлік автотүсіргіш жүргізушісінің дипломы бар мамандар ғана жолданады. Тоқсан сайын 1 мыңнан астам жүргізуші оқытылады.
Тиімділік көрсеткіштері төмендегідей:
• білім мен дағдылардың артуы - 60%-дан жоғары;
• оқыту басында 35% болса, оқытудан кейінгі тестілеу нәтижесі 95% деңгейінде
• оқытуда жүргізуші дағдыларын жетілдіру нәтижесінде жанармай шығыны 30% немесе жұмыстың қай мезгілде атқарылғанына қарай орта есеппен айына 100 000 АҚШ долларына төмендеді
• Шина шығынында айтарлықтай тиімділік бар - минус 70% дейін.
Негізгі тиімділік – парниктік газ шығарындыларының деңгейін бақылау мүмкіндігі бар. Ол – 30%-дан жоғары. ERG тәжірибесі оқытудың бизнес пен экологиялық сын-қатерлерге айтарлықтай әсер ететінін көрсетіп, жаңа әрі күрделі жобалардың бастауы болды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін айтты. Біздің автотүсіргіш жүргізушілерін виртуалды көріністерді қолдана отырып оқыту жобамыз осы бағыттағы айшықты бастама. ERG цифрлық технологияларды бұрыннан әрі тұрақты енгізіп, тау-кен металлургия саласындағы жаңа стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу қамында жасанды интеллектіні пайдалану жағын пысықтап жатырмыз,- деді ERG директорлары кеңесің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
Естеріңізде болса, 2023 жылдың маусым айында ERG-дің корпоративтік университеті беделді European Foundation for Management Development (EFMD) – Еуропалық менеджментті дамыту қоры қауымдастығының қатарына қосылды. Бұл Топтың сапалы білім беруші екенін растайды.
Бүкіл әлем оны бизнес-мектептер мен корпоративтік университеттердің бағдарламаларын аккредитациялау ұйымы ретінде мойындаған. Қазіргі таңда оған әлемнің 92 елінен 983 ұйым мүше. Ол – менеджмент пен оқытудағы үздік тәжірибелерді алмасуға қажетті жаһандық тұғырнама.