ССКӨБ фабрика кешеніндегі технологиялық секцияны күрделі жөндеу өнімнің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді

ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Кен дайындау және байыту цехы (КДБЦ) байыту учаскесінің №13 технологиялық секциясын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жабдықты іске қосқаннан кейін енгізілген өзгерістер шығындарды азайтуға және апатсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кен дайындау және байыту цехы – концентрат өндірісінің соңғы үздіксіз циклі. КДБЦ байыту учаскесінде қазір 17 технологиялық секцияның 16-сы қолданыста. Бір секция консервацияда. Әрқайсысында үш диірмен бар. Олардың жалпы саны 51. Негізгі міндет – кенді өңдеу. Нәтижесінде байыту учаскесінің барлық жабдықтары тоқтаусыз жұмыс істейді. Бұл ретте жаңғырту және нәтижесінде шығарылатын өнімнің сапасын арттыру өндіріс процесінің маңызды кезеңдері саналады. Олардың орындалуына технологиялық секцияларды күрделі жөндеу айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Олар жабдықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

№ 13 технологиялық секцияда ауқымды жұмыс орындалды. Оны толық тоқтату жөндеу бағдарламасында қарастырылған. Негізгі іс-шаралар тірек мойынтіректерінің іргетасын қалпына келтіруге және №116 диірменнің z250 m20 тісті дөңгелегін ауыстыруға, вакуумдық сүзгілердегі айналмалы араластырғыштарды ауыстыруға, гидравликалық майлау, гидрооқшаулау жүйесін ауыстыруға, сорғы бөлімінің скрабтарынан зумпфтарды тазартуға бағытталған. Соынымен қатар бөлінудің бірінші және екінші сатысында концентрат пен құйрықты ағызу құбыры ауыстырылған. Бұл өнеркәсіп өнімінің жоғалуын жоюға мүмкіндік берді. Жаңа құбырлар Derrick електеріне және магниттік-гравитациялық сепараторларға орнатылды. Жөндеу жабдықтың техникалық дайындығының 89% және одан жоғары жоспарлы коэффициентіне қол жеткізу үшін жүргізіледі.

 – №13 секцияны жаңарту биыл жөндеу науқанының жалғыз бағыты емес, – дейді механика бөлімінің бастығы Әлібек Нұрмағамбетов. – Кәсіпорында байыту учаскесінің жабдықтарын тұрақтандыру бағдарламасы бар. Ол фабриканың барлық түйінді жерлерін жөндеуді қамтиды. Сонымен қатар, біз жаңа жабдық аламыз. Сорғыларды ауыстыру жобасы толық іске асырылуда. Үшінші технологиялық кезекке қазақстандық өндірістің жаңа 22 бірлігі орнатылды. Тағы 20-сы келуі керек.  Олар бірінші және екінші технологиялық кезектерде енгізілетін болады.

Сорғылар жүріп жатқанда, жөндеушілер байыту учаскесінің жабдықтарын тұрақтандыру және жабдықты жақсарту және жаңасын орнату қамында басқа жұмыстарға вакуумдық сүзгілердегі ұяшық біліктері мен сүзгі аймақтарын ауыстырады.

Осындай үлкен жөндеу науқаны нәтижесінде цехтың өндірістік процесі бір минутқа тоқтамайды. Темір кені концентраты – КДБЦ-да шығарылатын соңғы өнім. Оның бір бөлігі шекемтастар өндірісіне жіберіледі, қажетті көлемдер тұтынушыларға жөнелтіледі.