15 Қараша 2024

ERG биыл SAP Payroll жобасымен SAP Quality Awards 2024 сыйлығының жеңімпазы атанды

SAP Payroll жобасы үшін ERG Орталық және Шығыс Еуропа аймағына (ОШЕ) арналған беделді SAP Quality Awards 2024 сыйлығын жеңіп алды. Жоба «Бизнесті трансформациялау: корпоративтік шешімдер» санатында жеңіске жетті. Бұл – персоналды басқару саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін SAP технологияларын енгізу мен пайдаланудың жоғары деңгейін мойындау.

SAP Quality Awards дегеніміз не?

SAP Quality Awards — SAP компаниясының шешімдерін қолдана отырып жүзеге асырылған үздік жобаларды марапаттау үшін тағайындаған жыл сайынғы сыйлық. Сыйлық инновациялық технологияларды сәтті енгізетін, бизнес-процестердің сапасын арттыратын және SAP шешімдерін қолдану арқылы керемет нәтижелерге қол жеткізген компанияларды ынталандыруға бағытталған. Сыйлық жобаларды басқарудың озық тәсілдерін қолданатын, озық тәжірибелерді ұстанатын және жоғары өнімділік пен тиімділікті көрсететін компанияларды атап өтеді.

«Бизнесті трансформациялау: корпоративтік шешімдер» санаты бизнесті трансформациялауға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған цифрлық шешімдерді енгізуге айтарлықтай әсер ететін ірі және кешенді жобаларға арналған. Осы санаттағы жеңіс ERG-дің HR функциясын цифрлық түрлендірудегі жетістігін және SAP Payroll жобасын компанияның дамуындағы маңызды қадам ретінде мойындауды білдіреді.

ERG-дегі SAP Payroll жобасы туралы

ERG-дегі SAP Payroll жобасы Топ қызметкерлеріне жалақыны есептеу процестерін толық автоматтандыруға бағытталған, бұл есептеулердің дәлдігін едәуір арттыруға, оның ішінде Қазақстан өңірінің барлық компанияларында анықтамалықтар мен есептеу алгоритмдерін біріздендіру және стандарттау есебінен, деректерді өңдеуге арналған уақыт шығындарын азайтуға және адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік берді. SAP Payroll салықтарды, әлеуметтік жарналарды және басқа да міндетті төлемдерді есепке алуды қоса алғанда, кадрларды басқарудың, уақытты есепке алудың және жалақыны есептеудің толық циклін қамтамасыз етеді және заң нормаларына сәйкес есептеулерді үлкен жылдамдықпен және қателіктердің ең аз ықтималдығымен жүргізуге кепілдік береді.

Бұрын ERG-де жалақыны есептеу үшін функционалымен, анықтамалықтарымен және алгоритмдерімен ерекшеленетін көптеген әртүрлі ақпараттық жүйелер қолданылған және қол жұмысы болғасын қателіктер қаупі мен деректерді өңдеу уақыты бірнашама болатын. SAP Payroll енгізу арқылы компания жалақыны есептеудің бизнес-процестерін барынша оңтайландыру және оларды SAP HCM платформасындағы бірыңғай корпоративтік АЖ-де орталықтандыру, дербес және құпия деректерді барынша қорғау, деректердің сапасын арттыру, қызметкерлердің деректерін және төлем процестерін басқару, бақылау және талдауды жеңілдету, сондай-ақ сүйемелдеу шығындарын азайту мүмкіндігін алды.

- Жобаның табысты болуын қамтамасыз еткен негізгі факторлардың бірі HR және IT BTS командаларының үлесі, - деп атап өтті ERG-дің Қазақстандағы бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова. – Командалардың тығыз өзара іс-қимылының арқасында жалақыны есептеу процестерін заманауи технологиялық шешімдермен терең интеграциялауға мүмкіндік туды. HR командасы компанияның барлық нақты қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жүйені реттеу үшін стандартты, біртұтас, бірыңғай бизнес талаптарды анықтауға айтарлықтай әдіснамалық үлес қосты. Бұған жүйені қызметкерлердің әртүрлі санаттары үшін жалақы төлеу ерекшеліктеріне бейімдеу, көптеген айнымалылар мен бонустық жүйелерді есепке алу кірді.

Өз кезегінде IT команда SAP Payroll-дің басқа корпоративтік жүйелермен үздіксіз интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, жобаның техникалық бөлігін іске асыру кезінде кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Олар қызметкерлердің жаңа құралдарға тез бейімделуін қамтамасыз етті, сонымен қатар бүкіл жүйенің қауіпсіз және сенімді жұмысына кепілдік берді.

SAP Payroll жобасы компанияға жалақы төлеу процестерін оңтайландыруға және жақсартуға ғана емес, сонымен қатар HR-да автоматтандырудың жаңа сатысына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ERG дамуындағы маңызды қадам болды. «Бизнесті трансформациялау: корпоративтік шешімдер» номинациясындағы жеңіс ERG командасы сараптамасының жоғары деңгейін растау, батылдықты мойындау және цифрлық шешімдер арқылы персоналды басқаруды жетілдіруге жұмсалған күш-жігерді жоғары бағалау.

Орталық және Шығыс Еуропа аймағы үшін SAP Quality Awards 2024 - тегі SAP Payroll жобасының жеңісі ERG-дің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар компанияның цифрлық трансформация саласындағы көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтудағы маңызды қадам. Бұл жоба ОШЕ аймағындағы компаниялардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, күрделі бизнес мәселелерін шешу үшін озық технологияларды қалай сәтті пайдалана алатынын көрсетеді.

Жоба инновациялық технологияларды кешенді енгізу бизнестің тиімділігін қалай арттыратынын, шығындарды азайтып, процестердің сапасын жақсартатынын көрсетті. ERG үшін бұл марапат тек жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы цифрлық трансформацияның көшбасшысы ретіндегі позициясын одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам.

Осы жобамен ERG озық технологияларды белсенді түрде енгізетін компания мәртебесін растады және өзінің бизнес-процестерін жетілдіру жолымен жүруді жалғастыруда, бұл оның жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді.