06 Ақпан 2025

egemen.kz 05.02.25 – ERG Қазақстанда алғашқы болып кенді қауіпсіз әрі тиімді тасымалдайтын жүргізушісі жоқ көліктерді ұсынды

Eurasian Resources Group (ЕRG) Қазақстанда алғаш рет өндірістік міндеттерді шешу үшін роботтандырылған автотүсіргілерді қолдана бастады. Осындай, жүргізушісіз 3 жүк көлігі бүгінде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің өнеркәсіп алаңында жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр тамыз айында біз ұшқышсыз ұшу аппараттарын тәжірибелік-өнеркәсіптік режимде іске қосқанын айтқан Қазақстандағы ЕRG бас директоры Серік Шахажанов: «Бірнеше ай ішінде роботты техниканың көмегімен біз 1 млн тоннадан астам тау массасын тасымалдадық. 2027 жылға дейін шикізат көлемін 115 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Әлемдегі ең жақсы тәжірибелерді зерттейміз және басқа карьерлерде де ұшқышсыз техниканы қолдануға тырысамыз», деді.

Қазір роботты техника кешеніне екі адам қызмет көрсетеді. Жүргізуші-оператор үш машина маневрлерінің жымдамдығын дұрыс таңдап, траекториясының және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды. Сервистік инженер кешенге қызмет көрсетеді, маршруттар құрады және тиеу-түсіру алаңдарын нақтылап отырады. Барлық жүргізушілер роботты техниканы басқару үшін қайта оқытылған.

«Өндірістік процестерге роботтандырылған жүйелерді енгізу – ERG стратегиясының негізгі Digital міндеттерінің бірі екенін айтқан жоба жетекшісі, ERG құрамындағы Business & Technology Services компаниясының ТМК роботтандыру жөніндегі сарапшы Евгений Фадеевтің сөзінше бұл ERG ІТ-командасына да, ІТ-шешімдерін пайдаланушыларға да жоғары талаптар қояды. Жаңа қызмет, сондай-ақ персоналдың құзыретіне қойылатын жаңа талаптар пайда болды. Мысалы, ауыр жүк техникасын роботтандыру жобасын іске қосумен «Восточный» кенішінде автоматтандырылған жүк тасымалдау қызметі құрылды. Егер бұрын техниканы жүргізуші басқарса, енді ол берілген бағдарлама бойынша қозғалады. Оператор процесті ыңғайлы бөлмеде қашықтан бақылайды және қызмет көрсетеді. Бұл, әрине, өнеркәсіп қауіпсіздігіне жасалған үлкен қадам.

«Восточный» кенішінің қызметкерлері, Business & Technology Services (BTS) ІТ- мамандары, мердігер ұйымның өкілдерінен жасақталған енгізу командасы: өнеркәсіптік сынақта кешенді пайдаланатын команданың әрекетімен ұштастыра отырып, технологияның, самосвалдарды басқару алгоритмдерінің және олардың қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін көрсетті. Бұл тәсіл қауіп-қатерлерді азайтады, операциялардың дәлдігін арттырады және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Түйіндей айтқанда, жүк тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу – өндірісті цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадам.

дереккөзі