Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Кран операторы мен сұлулық байқауының жүлдегері - бұл екі ұғым бір адамға қатысты болса, таңғалмасқа болмайды.
Дәл осы ерекше жолды Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылының тумасы, 28 жасар Аққалқа Болатбекова таңдаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында.
Біздің кейіпкеріміз Аққалқа бала кезінен журналист болуды армандап, Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетке оқуға түскен. Дипломын қолына алған соң, Ақтөбе облыстық телеарнасында қызмет етті. Алайда арман қуған арудың мамандығы мүлдем өзгеріп, ойламаған жерден кран басқарушы қызметіне ауысқан. Өзі де бұл жағдайды таңдасынпен еске алады.
"Он жыл бұрын маған біреу "сен кран басқарып, зауытта жұмыс істейсің" десе, сенбес едім", - дейді Аққалқа күлімсіреп.
Ол "Қазхром" ТҰК" АҚ компаниясына журналист ретінде түсірілімге келген кезде, өндіріс әлемімен алғаш рет танысқан. Сол жерде кран басқарып отырған әйелдерді көріп, таңқалған екен.