17 Сәуір 2025

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №44 пешті жаңғырту жұмыстарын сәтті аяқтады

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты стратегиялық маңызды №4 балқыту цехындағы №44 пешті кеңейтілген жөндеу жобасын аяқтады. Негізгі міндет газ тазарту жүйесінің сенімділігін жаңарту және арттыру болды. Жаңғыртуға құйылған инвестиция – 700 миллион теңгеден асты.

Жоба шеңберінде өндірістің тиімділігін арттыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық техникалық шешімдер кешені орындалды. Кәсіпорын мамандары газ тазарту су тығыздағыштарының жүйесін толығымен жаңартты. Кәсіпорын мамандары жұмыс істеп тұрған өндірісте жоғары дәлдіктегі монтаждауды қамтамасыз ететін бірегей монорельсті конструкцияны қолдана отырып, газ тазарту су тығыздағыштарының жүйесін толық жаңартты. Зауыт жөндеушілерінің бұл шешімі пешті уақытында жөндеуді аяқтауға және қосымша тоқтап қалуды болдырмауға көмектесті.

Ескірген металл құбырларды абразивті тозуға төзімді тот баспайтын болаттан жасалған заманауи құбырларға ауыстыру барысында газ тазарту жүйесінің сумен жабдықтау сенімділігі едәуір артты. Бұл шешім тазарту қондырғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтады.

Сумен жабдықтау үшін құбырларды ауыстыру газ тазарту жұмысының сенімділігін одан әрі арттырады. Ескірген металл магистральдар абразивті тозуға төзімді заманауи тот баспайтын болаттан жасалған.

Сондай-ақ, зауыт инженерлері пеш бункерлерін жаңғырту бойынша инновациялық жобаны іске асырды, бұл шикізатты берудегі ықтимал үзілістер кезінде пеш жұмысының дербестігін арттырды. Сондай ақ 35 кВт қоректендіру желілерінде электрмен жабдықтау жүйесі жетілдірілді

Барлық жұмыстар қауіпсіздік пен экологияның қатаң талаптарын ескере отырып, сондай-ақ зауыттың жалпы тиімділігін арттыру мақсатында орындалды. Жөндеудің маңызы – зауыт командасының алған тәжірибесі, бұл болашақта мұндай жұмыстарды одан да тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

- №44 пешті жөндеу жұмыстары – зауыттың өндірістік процестердің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. Бұл жай ғана техникалық жөндеу емес. Бұл – біздің экологиялық қауіпсіздікке деген жоғары талаптарды сақтау арқылы, жаһандық нарықта өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам, - деп атап өтті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі директоры Дмитрий Мочалин.

«Қазхром» ТҰК» АҚ өзінің инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция құюды жалғастыруда. Бұл өндірістік тиімділікті ғана емес, кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейін де арттырады.