24 Сәуір 2025

Кеншілерден жүз шырша: Хромтау қалалық саябағы қылқан жапырақты ағаштармен толығып жатыр

Тал егу шарасы ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен комбинатының шарттық міндеттемелері аясында жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын кәсіпорын цехтарының санитарлық-қорғау аймақтарында және қала ішінде көшеттер егіледі. Сапасын арттыру және көктеуін жақсарту үшін көшеттерге белгілі бір уақыт аралығында мердігер күтім жасайтын болады.

Өткен жылы Самара-Шымкент тас жолының бойында Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның санитарлық-қорғау аймағында екі мыңнан астам терек егілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір ағаштар осы көктемде егілді. Бір бөлігі – долана мен шетен. Ол жаңа 22-ші шағын ауданындағы Республика көшесі бойында. Көшеттердің бір бөлігі – шыршалар. Қазір қалалық саябақты осы ағаш түрімен  көгалдандырып жатыр. Тапсырыс беру кезінде қаланың тұрығдарының тілектері ескерілді.

– Ағаштар Абай облысындағы тәлімбақтан әкелінді, - деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Диана Истекова.  – Әр шыршаның тамырында топырағы бар. Бұл олардың жақсырақ көктеуіне ықпал етеді. Көшеттердің сапасы жақсы. Жақын күндері былтырғы теректерді түгендеу жүргізіледі.  Қурап қалған ағаштар ауыстырылады. Екі ай күтімнен кейін олардың тамыр жайғанына көз жеткізген соң, әрі қарай күтім жасау үшін қалаға беріледі.

Саябаққа ағаштарды тек мердігерлер ғана емес, аудан және Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылары, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері де бірнеше шыршадан екті.

– «Қазхромда» мұндай экологиялық дәстүрлердің болуы қалыпты, - деп атап өтті кәсіпорын директоры Бауржан Утемисов. – Біз шыршаларды фабриканың ішінде де ектік, қала бойынша жасыл желек жайқалтық. Соған сай қазір егзу, суару және күтімге бақылауды күшейтіп жатырмыз. Қалалық саябақта қылқан жапырақтылар іс жүзінде жоқ, сондықтан олардың жақсы көктегені өте маңызды.

Сонымен қатар күзде Дөң тау-кен байыту комбинатының экостратегиялық  бағдарламасы аясында тағы 7 мың терек егу жоспарланған. Олардың ішінде 3 мыңын қала билігінің өтініші бойынша Хромтаудың белгілі бір жерлеріне отырғызады. Қалғандары цехтардың санитарлық-қорғау аймақтарында тамыр жаяды. Бұл көшеттерге мердігер 3 жыл күтім жасайды.

Жалпы, кәсіпорын 2024 және 2025 жылдары қаланы көгалдандыруға және цехтардың санитарлық-қорғау аймақтарына 47 миллион теңгеден астам қаржы бағыттайды.