Бүгін Рудныйда жаңа буынның мектеп-гимназиясы салтанатты түрде ашылды. Бұл соңғы 3 жылда ERG қаражатына бой көтерген осымен үшінші мектеп. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бұл білім ұясының аумағы – 19 590 шаршы метр. Ол елдегі алғашқы «жасыл» әрі ең ірі мектептердің бірі болады. «Соңғы бірнеше жылда біз «ERG mektep» бағдарламасы аясында мектептердегі білім беруді дамыту ісіне 15 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттадық»,- деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
1 200 оқушыға шақталған мектептің ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимовтер қатысты. Оқушылар мен ата-аналарға құттықтау сөзінде облыс әкімі келешек буынға зор сенім артатынын айтты.
– Мемлекет басшысы әрдайы мектеп – білім мен тәрбиенің киелі шаңырағы екенін баса айтады. Ал білім сапасын арттыру – әлеуметтік саясаттың басым бағыты. Бүгін біз Рудныйда ашып жатқан 1 200 орындық заманауи мектеп – бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі. Жаңа білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай. Сапалы білім мен тәрбие беріп, оқушылардың спорт пен шығармашылықта дамуына барлық жағдай жасалған. Бұл мектеп адалдық, еңбексүйгіштік пен жауапты буын тәрбиелейтін мығым іргетас боларына нық сенімдімін,- деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
– Біз бұл жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іске қосқан «Келешек мектептері» ұлттық бастамасының бір тармағы екенін мақтан тұтамыз,- деді Шухрат Ибрагимов. – Заманының заңғары, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының алғашқы академигі Қаныш Имантайұлы: «біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» деген. Біз салған бұл мектепте білім алып, оны тәжірибеде сынауға барлық жағдай.
ERG мектебі дегеніміз – «келешек мектебінің» іске асқан моделі. Ол – өзге де ұйымдарға тұсбағдар болар, пилоттық алаң. Топтың үздіксіз дамуының ажырамас бөлігі.
Жаңа гимназия тек заманауи білім беру ұйымы ғана емес, мұқият ойластырылған бүтін бір экожүйе. Онда инклюзивті сәулет пен қолжетімді орта, жіті ойластырылған қауіпсіздік жүйесі бар. Ол эргономика, экология және энерготиімділік тұрғысынан барынша пысықталған.
Мектеп күн панельдерінен алынатын электр қуатымен қамдалады. Бұл тек қуат тұтыну мөлшерін азайтып қана қоймай, өскелең ұрпақ бойында экологиялық мәдениет қалыптастырып, қоршаған ортаға барынша жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Мекеме аумағы түгелдей озық қауіпсіздік жүйесімен жарақталған. Ондағы бейнебақылауға жасанды интеллект құралдарымен кіріктірілген.
Мұндағы цифрлық зертханалар тек класта ғана емес, көшпелі сабақтар барысында да тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Ерекше гидропоника қондырғылары биология, экология мен химия бағыттары бойынша нақты зерттеулерге жол ашты. Одан бөлек, медиа-аумақ пен подкаст-студия бар. Ол аудио мен видео контентке құмар оқушылардың тартылыс аумағына айналмақ.
ERG мектебі білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға барынша бейімделген. Мамандандырылған сыныптар ашылып, лифт пен арнайы көтеру механизмдері орнатылып, әр оқушыға жайлы да қауіпсіз орта жасалған.
Мектеп асханасы, спорт және акт залдары ең соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталды. Дәлізде даму мен орнықтылық, өркендеу нышаны іспетті арт-нысан – «Білім ағашы» орнатылған.
Білім беру ұйымының педагогикалық ұжымына ерекше көңіл бөлінген. Мұндағы ұстаздардың цифрлық көмекшілері болады. Ол оқушылардың осал және мықты тұстарын талдап, жекелеген тапсырмалар ұсынады. Осылайша, педагогтерге жәрдемдесіп, жалпы білім беру сапасы мен интерактивті арттырады.
Одан бөлек, ERG «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорымен бірлескен жоба аясында Рудныйға STEM-бағыты пәндерінің тәжірибелі 4 ұстазын жұмылдырылады. Бұл педагогтер тек ұстаз ғана емес, мектеп қауымдастықтарын ілгерілетіп, онда әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жобаларын дамытар инноваторларға айналмақ.
Осы орайда, ERG бұған дейін Павлодар облысындағы Қаражар мен Сычевка ауылдарында үлгілі мектептер салып, толық жабдықтағанын айта кеткен абзал. Ал биыл Павлодар облысы Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп пен Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы №2 гимназияны жаңартты.
Мектептің видеосы мына сілтемеде
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда