ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ERG құрамдағы «Қашар кені» АҚ Қашар жылу орталығына дәстүрлі баспасөз турын өткізді. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысу жылу көзінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қашар жылу орталығын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар туралы «Қашар кені» АҚ-ның Бас директоры Георгий Литовченко айтып берді. Бұл мақсатқа жыл сайын қомақты қаражат жұмсалады. 2024 жылы ауқымды қайта құрылымдауға 160 млн теңге, ал 2025 жылы жабдықты жаңартуға тағы 65 млн теңге бөлінді.
– Қашар жылу орталығында үш жыл ішінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Жабдықтары қайта құрылымдаалып, жаңартылды. Көмірден газға ауысудың арқасында қашарлықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қол жеткізілгені ерекше маңызды. Олардың көпшілігі кеніш қызметкерлері. Ауылда ауа тазарып, тұрғындар жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етілді, - деп атап өтті «Қашар кені» АҚ-ның Бас директоры Георгий Литовченко.
Баспасөз турының бағдарламасына Департамент өкілдерінің назарына ұсынылған екі нысан кірді. Бұл қуаты – 630 кВт СЭ1250-140-11 желілік ортадан тепкіш сорғы және №2 кв-Г-58,2-110Н резервтік газ қазаны.
– Жылумен жабдықтау жүйесі үнемі жаңартылып, жаңғыртылып отырады. Былтыр жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз ететін резервтік қазанды орнатып, қайта құрылымдау аяқталды. Биыл өз ресурсын әзірлеген және жылу орталығының жұмысында шешуші рөл атқаратын сорғы ауыстырылды. Мұндай жүйелі жұмыс жылумен жабдықтаудың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қашар жылу орталығының бастығы Александр Петрушков.
Жылыту маусымына дайындық аяқталды. Қашар жылу орталығы жаңа жылыту маусымына дайындығын растады. Көмірден газға ауысу жылумен қамтудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттырып қана қоймай, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартты. Газ жабдығының енгізілуімен көміртегі компоненті азаяды, қоршаған ортаға эмиссиялар шамамен 1000 тоннаға төмендейді деп күтілуде.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда