Eurasian Resources Group Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикалары президенттерінің Астанадағы кешегі кездесуінің екі жақты қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын айшықтай отырып, конголық Gecamines компаниясымен өзара түсіністік туралы келісім шартқа қол қойды.
Eurasian Resources Group (ERG) 2025 жылы қыркүйектің 10-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының президенті (КДР) Феликс Чисекедидің кездесуі аясында La Generale des Carrieres et des Mines SA компаниясы (Gecamines, КДР) мен ERG-дің қос бірдей еншілес компаниялары: Africo Resources (DRC) SARL (Africo) және La Societe d’Exploitation des Gisements de Kalukundi SAS (Swanmines) арасындағы түсіністік туралы Келісім жасалғанын хабарлайды. Конгодағы Swanmines атты тау-кен жобасына қатысты бұл келісімшарт бизнесті дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.
ERG Директорлары кеңесінің төрағасы әрі Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов: «Біз Gecamines компаниясымен келісімге келгенімізге қуаныштымыз. Жобаны дамытудың жаңа кезеңіне бірлесе қадам басуға әзірміз. Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасында екіжақты қарым-қатынастың тереңдей түскені бізді қуантады. Әрі металлургия мен тау-кен өндіру секторында қос мемлекеттің теңдессіз мүмкіндіктері мен зор потенциалы бар деп білемін. Президенттеріміздің кешегі кездесуі ERG-дің Конгодағы стратегиясын дамытуға тыңнан серпін береді. Конго мемлекеті тарапынан нормативтік-құтытық қамтамасыз ету аясында әрі мүдделі барлық тараптармен жемісті серіктестікке жол ашады»,- деді.
Келісім тараптар арасында 2023 жылы туындаған түсінбеушілікті шешуге бағытталған. Іс қазір Парижде Халықаралық сауда палатасы (ХСП) аясындағы арбитраждық сотта қаралып жатыр. Келісім Swanmines жобасы аясында тұжырымдық ілгерілеуге сеп. Gecamines жобасына қатысу ауқымын кеңейте отырып, тараптар барлық стейкхолдерлер, соның ішінде жергілікті қауымдастықтардың да мүддесі үшін бірлесе қызмет етуге даяр екенін айқындайды.
Шухрат Ибрагимов осы орайда: «Қазақстан – Азиядағы инвестиция құюға ең бір тартымды бағыттардың бірі. Оның үстіне таяуда Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық цикл басталатынын жария етті. Ол экономиканың жоғарытехнологиялық секторларын ынталандыруға бағыттамақ. Осы орайда әлемдік нарыққа аса маңызды минералдарды жеткізу тізбегінің ажырамас бөлшегі саналатын Конго Демократиялық Республикасы президентінің ресми сапарының маңызы айрықша. Бұл екі елдің компаниялары мен инвесторларына табысты серіктестіктің тың бағыттары мен көптеген қолайлы мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін. Африканың тау-кен өндіру секторында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық компаниялардың бірі ретінде ERG-дің ролі ерекше. Тарихи тұрғыдан алғанда біз Конго Демократиялық Республикасында еңбек ете бастаған алғашқы қазақстандық компаниямыз. Енді қос мемлекет өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңін бастаған тұтса біз екі елдегі әріптестерімізді шабыттандыратын жаңа әрі амбициялы міндеттерге ынталандырып, қолдауға талпынамыз»,- деді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда