11 Қараша 2025

BTS-тің (ERG) бес қызметкеріне «Үздік цифрландырушы» марапаты табысталды

Астанада цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында елімізде цифрландыруды дамытуға елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталды. ERG мене BTS (ERG-дің еншілес ІТ кәсіпорны) тарихында алғаш рет Топ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомстволық наградаларының иегері атанды.

«Үздік цифрландырушы» медалін алғандар:

Шназбаев Еркен Ногаевич, Бас директордың цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары.

Жантикин Таир Тимурович, ІТ-инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы

Утепов Жандос Мэлсович, ІТ-инфрақұрылымын қолдау басқармасының басшысы  

Забурдяева Елена Викторовна, цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу басқармасының басшысы  

Марченко Роман Алексеевич, GenAI жүйелерін әзірлеу бөлімінің басшысы.

«Digital Drive» іс-шарасы аясында марапатты Премьер-Министрдің орынбасары -жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыс етті.

- Бүгінде ERG кәсіпорындарын цифрландыру – жай ғана сәнді тренд емес, бүкіл Топтың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын айқындайтын стратегиялық бағыт. Қазіргі заманғы цифрлық шешімдер бізге өндірістік процестердің тиімділігін, ұтымды басқарылуын және қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Демек, олар елдің өнеркәсібі мен экономикасының дамуына нақты үлес қосады. Осындай жоғары салалық марапатқа ие болу – біздің команда үшін үлкен мәртебе. Бұл біздің еңбегімізді ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның нақты секторын цифрлық трансформациялаудағы ERG рөлінің маңызын мойындау, - деп атап өтті Бас директордың цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев.

ERG-дегі барлық негізгі цифрлық шешімдерді BTS-тің (Business & Technology Services) жеке ІТ командасы әзірлейді және енгізеді.