2025 жылдың қорытындысында ERG-дегі цифрландыру жобаларының жалпы экономикалық әсері – 55,7 млрд теңге деп бағаланды. Топтың цифрлық стратегиясын іске асыру, соның ішінде өнеркәсіптік ІТ шешімдерді, автоматтандыру жүйелерін және жасанды интеллект технологияларын әзірлеу мен енгізу ісін еншілес ІТ компания – Business & Technology Services (BTS) қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда BTS өндіріс тиімділігін, өнеркәсіп қауіпсіздігі деңгейін және негізгі бизнес-процестерді басқаруды арттыратын цифрлық құралдарды жасауға жауапты.
– Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект – жай ғана тренд емес, бұл елдің стратегиялық таңдауы. Қазақстан Президенті ағымдағы жылды «Цифрландыру және ЖИ жылы» деп жариялады. Ал ERG-ге бұл – нақты әрекетке бағытталған айқын бағдар. Біз өнеркәсіпті жүйелі түрде трансформациялап келеміз және нақты, өлшенетін экономикалық нәтиже беретін өз цифрлық әзірлемелерімізге басымдық береміз. BTS командасы жасаған шешімдер – ERG MES, жөндеу жұмыстарын цифрлық басқару, Computer Vision және ERG Rail – бүгінде нақты өндірісте жұмыс істеп тұр, Топ ішінде таратылып, ERG-дің өндірістік активтерін басқарудың бірыңғай цифрлық контурын қалыптастырып отыр,- деді ERG бас директорының ЖИ және цифрландыру жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев.
Өндірісті цифрлық басқару: ERG MES
Команданың негізгі әзірлемелерінің бірі – ERG MES (Manufacturing Execution System) жүйесі – өндірістік және бизнес-процестерді біріктіретін цифрлық платформа. Шешім нақты уақыт режимінде өнім шығаруды, технологиялық параметрлерді, жабдықтың шығыны мен тоқтап қалуын бақылауға мүмкіндік береді.
ERG MES Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарында, Қазақстан электролиз зауытында және Дөң ТКБК-да енгізілді. ССКӨБ-де енді енгізіле бастады.
Жүйеге MES Alina цифрлық көмекшісі енгізілген. Ол дауыстық немесе мәтіндік сұраныс бойынша қажетті есептерді, экрандарды ашады және жабдықтардан деректерді сұратады. Бұл өндірістік ауытқуларға жауап беру уақытын қысқартады және операторлардың жұмыс тиімділігін арттырады. ERG MES-ті енгізудің экономикалық әсері 2025 жылы шамамен 1,5 млрд теңгені межесінде.
Жөндеуді цифрландыру: бірыңғай басқару тізбегі
Жөндеу процестерінің тиімділігін арттыру үшін BTS «Жедел жоспарлау» және «Мобильное ТОРО» сервистерін әзірледі. Шешімдер ақауларды тіркеуді, жабдықты тексеруді және ауысымды бірыңғай цифрлық тізбекте беруді біріктіреді.
Жөндеуді жоспарлау qollab корпоративтік платформасында жүзеге асырылады: бригадалар құрылады, тапсырмалар жасалады, персоналдың кестелері мен жүктемесі алдын-ала көрінеді. Деректер автоматты түрде SAP-қа жіберіледі және оны шеберлер тікелей өндіріс орындарында пайдаланады.
Мобильді қосымша арқылы қызметкерлер ақауларды фотосуретпен және сипаттамамен дәл сол жерде жазады. Барлық ақпарат жүйеге бірден еніп, тексерулер мен жөндеу тарихын қалыптастырады. Басшылар нақты уақыт режимінде жабдықтың жай-күйі мен жұмыс барысының айқын көрінісін көре алады.
ERG Rail: вагон паркін цифрлық басқару
Тағы бір маңызды жоба – BTS-тің өнеркәсіп кәсіпорындарда вагон паркін басқаруға қажетті ERG Rail (Dispatch) платформасы. Компьютерлік көру элементтері мен кіріктірілген ЖИ бар шешім нақты уақыт режимінде зауыттар аумағында вагондардың қозғалысы мен орналасуын бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінде жүйе күн сайын 900 вагон орналасатын Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді. Dispatch qollab платформасына біріктірілген және қызметкерлерге интерактивті жол схемасын, электрондық жол парақтарын, есептер мен хабарландыруларды ұсынады – барлық ақпарат бір батырмада қол жетімді.
Шешімнің басты артықшылығы – экономикалық тиімділік. Айтарлықтай күрделі шығындарды қажет ететін дәстүрлі бағдаршамдық реттеу жүйелерінен айырмашылығы, Dispatch бағдарламалық жасақтама логикасына, ЖИ және CV механизмдеріне негізделген. Бұл жүйені бірнеше есе арзан және жылдам масштабтауға мүмкіндік береді. Жобаның экономикалық әсері 2025 жылы 245 млн теңгеден асты.
Computer Vision: өнеркәсіпке арналған қолданбалы ЖИ
BTS-те Computer Vision (CV) бағыты жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда команда өндіріс, энергетика, логистика және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы ERG кәсіпорындары үшін ЖИ элементтері бар 10-нан астам жобаны жүзеге асыруда.
CV шешімдері конвейерлердің жүктемесіне мониторинг, өнімнің сапасын бақылау, геологиялық деректерді цифрландыру, карьерлік жұмыстардың қауіпсіздігін арттыру және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін қолданылады. Барлық жобалар практикалық нәтижеге – тәуекелдерді азайтуға, тоқтап қалуды азайтуға және өндірістегі тәртіпті арттыруға бағытталған.
BTS-тің жеке цифрлық шешімдері қазақстандық ІТ командасының ауқымды өнеркәсіптік ЖИ өнімдерін жасауға және ірі бизнес үшін ауқымды экономикалық құндылықты қамтамасыз етуге қабілетті екенін паш етті.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда