30 Мамыр 2026

Eurasian Resources Group Топтың Қазақстандық периметріндегі басқару құзіреттері қайта қаралғанын хабарлайды

Осы шешімге сәйкес Қазақстандық периметрдің жетекшісі (СЕО) құзіреті Кудрәт Шамиев мырзаға сеніп тапсырылды. Ол «Еуразиялық Топ» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.

Кудрәт Шамиевтің қазақстандық және халықаралық компанияларда 12 жыл басқарушылық және сараптамалық тәжірибесі толысқан. Ертеректе ол Hikmet Travel SDN Berhad (Малайзия), Altau Group, Mangosteen Development, «Найза-Құрылыс» компанияларында түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Қазір «Integra Construction KZ» бақылау кеңесінің төрағасы, Todini Costruzioni Generali SpA директорлары кеңесінің мүшесі, «Kazakh Construction Group» бақылау кеңесінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.