09 Маусым 2026

irbistv.kz 08.06.26 – Ақсуда ERG энергетиктері жазғы отбасылық мереке ұйымдастырды

Бірнеше сағатқа Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешені балалық шақтың, шат күлкінің және жарқын әсерлердің мекеніне айналды.

Мұнда «ERG Summer Go Fest» жазғы денсаулық фестивалі өтті. Таңертеңнен бастап қонақтарды балалардың сүйікті кейіпкерлері – Стич пен Лабубу қарсы алды. Музыка, байқаулар, ойындар және шығармашылық шеберлік сабақтары нағыз мерекелік көңіл күйін сыйлады.

Биылғы фестиваль бірден екі маңызды оқиғаға – Халықаралық балаларды қорғау күні мен жазғы демалыстың басталуына арналды. Мерекеге кәсіпорын қызметкерлерінің екі жүзге жуық баласы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль көптен бері қалыптасқан жақсы дәстүрге айналып, энергетиктердің отбасыларын бір шаңырақ астына жинайтын маңызды шаралардың бірі болып отыр.

- Біз Ақсу қаласында орналасқан барлық өндірістік активтерімізді қамтуға тырысамыз. Бүгінгі жазғы денсаулық фестиваліне екі активтің қызметкерлері мен олардың отбасылары, балалары жиналды. Олар – “Еуразиялық энергетикалық корпорация” және ERG Service құрамындағы Павлодар жөндеу басқармасы. Бұл екі кәсіпорын да энергетиктер дивизионының құрамына кіреді,-деді «ЕЭК» АҚ персонал және корпоративтік мәдениет жөніндегі директоры Айдос Адай.

Әрбір бала өзіне ұнайтын іспен айналысуы үшін фестиваль аумағы бірнеше тақырыптық алаңға бөлінді. Ең кішкентай қатысушылар үшін аниматорлармен ойын аймақтары, сабын көпіршіктері шоуы, түрлі байқаулар мен асфальтқа сурет салу алаңдары ұйымдастырылды. Ал ересек балалар би баттлдарына, командалық челлендждерге және музыкалық жарыстарға қатысты. Спортты сүйетіндер футбол алаңындағы эстафеталарда өздерінің жылдамдығы мен ептілігін, сондай-ақ командалық рухын көрсетті. Ал шығармашылыққа жақын балалар қолөнер бұйымдарын жасап, үлкен мерекелік баннерді бірге безендірді.

Сонымен қатар, аквагрим алаңдары мен балалар мен ересектер бірге қатысқан көңілді флешмоб ерекше сұранысқа ие болды. Көптеген қызметкерлер фестивальге тұтас отбасымен келіп, корпоративтік шараны нағыз отбасылық демалыс күніне айналдырды. Мереке тәтті сыйлықтар мен естелік жүлделер табыстаумен аяқталды.

дереккөзі