09 Шілде 2026

Адамдар игілігіне – 55 тонна: Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ауыр техникалар паркі жаңарды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жаңа ауыр техникамен толықты. Жуырда кәсіпорынға салмағы шамамен 55 тонналық гидравликалық экскаватор мен екі фронталды тиегіш жеткізілді. Техникалар паркін жаңартуға құйылған инвестиция көлемі – 262 млн теңгеден асты.

Әрбір жаңа машинаның артында өндірістік көрсеткіштер ғана емес, ең алдымен адамдардың еңбегі мен қауіпсіздігі тұр. Сондықтан кәсіпорын күрделі өндірістік процестерді жылдам, қауіпсіз әрі барынша жайлы жағдайда орындау үшін техника паркін кезең-кезеңімен жаңартып келеді.

Жаңадан сатып алынған техникалардың ішіндегі ең ірісі – қож төгетін полигонда пайдаланылатын гидравликалық экскаватор. Бұл машина жоғары температура жағдайында жұмыс істеуге арнайы бейімделіп жасалған. Ол жылуға төзімді қорғаныс жүйесімен, қуатты гидравликалық жүйесімен және қарқынды жүктемелерге төзімді қозғалтқышпен жабдықталған. Бұған дейін қолданылған техникамен салыстырғанда жаңа экскаватор жұмысты әлдеқайда жылдам әрі тиімді орындап, пайдалану барысында жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді.

Жаңа экскаваторда оператордың жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Оның кең кабинасында климат-бақылау жүйесі мен эргономикалық жұмыс орны қарастырылып, жақсартылған көру мүмкіндігі тіпті ұзақ ауысымдар кезінде де қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын автопаркі сондай-ақ әрқайсысының жүк көтерімділігі алты тонналық екі фронталды тиегішпен де толықты. Бұл техника ферроқорытпа шикізаты мен дайын өнімдерді тиеуге, сусымалы материалдарды тасымалдауға, сондай-ақ автомобиль және теміржол көліктеріне тиеу жұмыстарын атқаруға пайдаланылады. Жаңа машиналар жоғары өнімділігімен, күшейтілген конструкциясымен және сенімділігімен ерекшеленіп, өндірістік міндеттерді жылдам әрі тиімді орындауға мүмкіндік береді.

– Техниканы жаңарту – өндірісті дамытуға ғана емес, ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне құйылған инвестиция. Біз кәсіпорынның тиімділігін арттыру, пайдалану шығындарын азайту және қызметкерлерге заман талабына сай қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында жабдықтарымызды кезең-кезеңімен жаңғыртып келеміз, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда