21 Қыркүйек 2026

Спортты дамытуға 7 млн теңге: ERG Run Fest биыл да Ақсу, Хромтау мен Рудный қалаларын қамтыды

Ақсу, Хромтау мен Рудный қалаларында дәстүрлі ERG Run Fest 2026 жүгіріс фестивалі өтті. Саламатты өмір салты мен қайырымдылық қабысқан шараға ERG кәсіпорындарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтарды қатысты. Олардан түскен қаражат – 7 млн теңге аймақтағы балалар спортын қолдау мен бассейн жабдықтарын сатып алуға жұмсалады.

Ересектер 3, 5, 10 және 21 километр, 6 мен 13 жас аралығындағы балаларға бөлек қашықтық белгіленді. Тәжірибегі желаяқтар мен әуесқойлар, саламатты өмір салтын ұстанған отбасылар мен достар, әріптестер бәрі жарыс жолында жүздесті.  Фестивальдің әр кезеңінде бірге дене қыздырып, көңілді әуен мен жанкүйелер қолдауы ерекше болды.

Жүгіру фестивалі тамыздың 30-ы күні Ақсуда бастау алған. Мемлекеттік рәміздер алаңына жүздеген адам жиналды. Сөре қалашығында балалар аймағы жасақталып, кәдейсыйлар ойнатылды. Лайв-бэнд өнер көрсетіп, шараны әсем әнмен сүйемелдеген.

 Араға 2 апта салып, фестиваль Хромтау қаласында жалғасын тапты. Жарыс жолына мұнда бірден 1 мың 200 желаяқ шыққан. 17 қала мен елді мекеннің тұрғындары спорттық шараға қатысу үшін кеншілер қаласына келіпті. Солардың арасынан Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушылары Ринат Нафиков пен Александр Ольтов ерекше көзге түсті. Себебі екеуі де 10 шақырымдық жолды балқыған металдан қорғайтын арнайы киіммен жүгіріп шыққан. Дөң ТКБК маманы Мансұр Князбай да жарыс жолына жұмыс киімімен шығуды жөн көріпті.

– Мен жарыс күні дала ыстық, арнайы киіммен жүгіру қиын болады-ау деп іштей дайындалып келген едім. Сәтін салғанда Хромтаудың ауа райы да бізге қарайласты. Киімім керісінше, сырттағы желді өткізбей мені сақтап тұрғандай. 10 шақырымды жайлы жүгіріп өттім. Балқытушының «сауытын» киіп жарыс жолына шыққаным, ерекше есте қалатын болды,- деді Ринат Нафиков. 

ERG Run Fest сериясы кеше Рудныйда түйінделді. Мұнда қатысушыларға берілетін онлайн-тіркеу ашыла сала, слоттар 2 апта ішінде толық сатылып кеткені – шараның қаншалықты маңызды екенін паш етіп тұрғандай.

Жалпы ERG-дің алғашқы жүгіру фестивалі осы Рудныйдан бастау алған. Содан бәрі шараға қатысу отбасылық игі дәстүрге айналғандай. Қала тұрғындары балалар да ерте келіп, жарыс жолына кейде тіпті қол ұстасып, бірге шығады.

Осындай отбасының бірі – Гриценко әулеті. Алиса ССКӨБ-те, ал күйеуі Вячеслав – Business Technology Service-те жұмыс істейді. Бұл да – ERG-дің еншілес IT-компаниясы. Екеуі 2017 жылдан бері жарыс жолына қанаттаса, қатар шығып жүр. Қазір балалары да олардың ізін басып, бірге келген.

– Күйеуім екеуіміз 2017 жылы алғашқы шарадан бері ERG Run Fest-ті асыға күтеміз. Былтыр шара өтпей қалғанда қапа болдық. Игі дәстүрдің биыл лайықты жалғасқанына шын қуанып тұрмыз. Тұңғышымыз Кристина осымен екінші мәрте бізбен бірге жарыс жолына шығып отыр. Кішкентаймыздің еді сәл күте тұруы керек. Кейні ол да қосылар. Бұл шараға балалар да ерекше қуанышты,- деді Алиса Гриценко.

Рудныйда ERG Run Fest-ке қатысушылардан 2,5 млн теңге түсті. Қаражат «Горняк» жастар мен спорт кешеніндегі бассейнге қажетті жабдықтар сатып алуға жұмсалмақ.

Ақсу қаласында 2,6 млн, Хромтауда 1,9 млн теңге жиналған. Қос қалада да бұл қаражатқа балалар спортын дамытуға қажетті құралдар сатып алынатын болды. Осылшай, жүгіріс фестивалінің әр кезеңі жергілікті жердегі нақты бір түйткілдің түйін шешуге септеспек.

– Мен үшін ERG Run Fest-тің басты құндылығы – оған қатысушылар отбасыларын ерте ертіп, бірін-бірі, әріптестерін қолдап, өздері мекен еткен қалаға пайдасын тигізеді. Ата-аналарының саламатты өмір салтын ұстанып, жүгіріс жолына шыққанын көрген балалардың да бойынша спортқа деген құлшыныс оянады. Бізге бұл қызығушылықтың жалғасып, балалардың тұрақты өздері ұнатқан спорт түрімен шұғылданғаны қажет. Сондықтан, Ақсу, Хромтау мен Рудный қалаларынан түскен қаражат ондағы спортты дамытуға жұмсалады. Шараны ұйымдастырушыларға, еріктілерге, оған қатысып, ат салысқан әрбір адамға алғыс  айтамын,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шамиев.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда