ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ЕЭК) Ертіс өзеніне жыл сайын тұқы шабақтарын жіберіп, су биоресурстарын сақтау жұмыстарына үлес қосып келеді. 2011 жылдан бері өзенге тұқы балығының 300 мыңнан астам шабағы жіберілген. Бұл шара су экожүйелерінің биоалуантүрлілігін сақтауға және балық қорын толықтыруға бағытталған.
Өзенге жіберілетін шабақтар арнайы жағдайда өсіріледі. Балықты «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС жеткізеді. Әр шабақтың салмағы – шамамен 15 грамм. Мұндай өлшемдегі шабақтар табиғи ортаға тез бейімделеді.
Тұқы балығының таңдалуы оның тіршілікке бейімділігімен және су айдынының жағдайына тез жерсінуімен байланысты. Балық түрі мен су айдыны ғылыми ұсынымдар негізінде анықталған. Бұл ұсынымдарды Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Алтай филиалы берген.
Шабақтарды өзенге жіберу жұмыстары ғылыми ұсынымдарға сәйкес, қолайлы мерзімде жүргізіледі. Белгіленген талаптарды сақтау шабақтардың табиғи ортаға бейімделуіне жағдай жасап, атқарылатын шаралардың тиімділігін арттырады.
– Ертіске жыл сайын шабақ жіберу – су биоресурстарын сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарының маңызды тармағы. Мұндай шараларды жүйелі түрде жүргізу балық қорын толықтыруға және су экожүйесінің тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді, – дейді «ЕЭК» АҚ электр станциясының мониторинг және бақылау жөніндегі сарапшысы Анастасия Казбекова.
ЕЭК өңірдің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады. Ертіске жыл сайын шабақ жіберу – өзеннің экологиялық жағдайын сақтауға және су биоресурстарын қорғауға бағытталған шаралардың бірі.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайында толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда.