Манарбек Рахымұлы ERG-дегі еңбек жолын 2009 жылы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – «Қазмарганец» кен басқармасында бастаған.
Осы жылдар ішінде ол инженер-химик пен ауысым шеберінен бастап, бас инженер және кеніш бастығына дейінгі қызмет сатысынан өтті. 2019 жылғы наурызда «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Торғай боксит кен басқармасының (ТБКБ) тізгінін ұстаса, 2021 жылғы қаңтарда Краснооктябрь боксит кен басқармасының (КБКБ) директоры болып тағайындалды.
Манарбек Нұрмаған басшылық еткен кезеңде КБКБ-да өндірістік жүйе, Modular көлікті автоматтандырылған басқару жүйесі мен «Антисон» жүйесі енгізілді, кәсіпорын екі деңгейлі басқару жүйесіне көшіп, Красногорск кенішінде заманауи вахталық қалашық бой көтерді. Ал 2026 жылы кәсіпорында роторлық бұрғылау әдісімен бокситті тігінен өндіру ісі жолға қойылды.
Манарбек Нұрмағанның үш жоғары білімі бар, соның ішінде «Тау-кен ісі» мамандығын меңгерген.
Жаңа қызметте ол Сергей Павлович Кимді алмастырды. Ал Сергей Павлович өз қызметін «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директорының кеңесшісі ретінде жалғастырады.
Сергей Павлович кәсіпорында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді: учаскелік маркшейдерден бастап бас директорға дейінгі кәсіби жолдан өтті. Осы жылдар ішінде «Шұбаркөл көмір» АҚ мен ERG-дің көмір дивизионын дамытуға зор үлес қосты. Сергей Ким спецкокс шығаратын алғашқы зауыт құрылысының басы-қасында болып, көмір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу жобаларын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарды.
Топ басшылығы Сергей Павлович Кимге көпжылдық еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, сондай-ақ кәсіпорын мен Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдіреді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда