ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ халықты көмірмен тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп, қатты отынның жеткілікті қорына ие. Көмірді жүк көлігімен сатып алып кетуге арналған алаң тәулік бойы, демалыссыз қызмет көрсетеді. Көмірдің бір тоннасының бағасы – 9 700 теңге.
«Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстандағы күлділігі төмен, жоғары сапалы көмір өндіретін ірі кәсіпорын.
Тұтынушыларды сапалы көмірмен қамтамасыз ету – жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Біз жеткізілім тұрақтылығы мен көмір өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік және ұйымдастырушылық үдерістерді жүйелі түрде жолға қойдық. Бізге өндірістік көрсеткіштерді орындау ғана емес, тұтынушыларымыздың сенімін ақтау да аса маңызды, – деп атап өтті «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Манарбек Нұрмаған.
Былтыр кәсіпорын 15,6 миллион тоннадан астам көмір өндірді. Былғы өндірістік жоспар – 15,3 миллион тонна.
Көмір өндірумен қатар, кәсіпорын 2006 жылдан бері көмірді терең өңдеу бағытын дамытып, арнайы кокс өндіреді. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік цехтардың базасында компания таскөмір майын, шайырды, белсендірілген көмірді және сұйық гуминді тыңайтқыштарды өндіруге қажетті барлық техникалық мүмкіндіктерге ие. Өнімнің едәуір бөлігі ішкі нарыққа бағытталған және импортты алмастыруға ықпал етеді.
«Шұбаркөл көмір» АҚ өндірістік әлеуетін жүйелі түрде арттырып, көмір қорларын ұтымды пайдалануға, өнім сапасын жақсартуға және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнасында