27 Қараша 2026

«Еуразиялық Топ» (ERG) Tugan Qala бастамашыл бюджеттендіру бағдарламасының аяқталатынын хабарлайды.

«Еуразиялық Топ» (ERG) 2019 жылдан бері Хромтау, Ақсу, Рудный, Лисаков, Қашар және Октябрь кенттерінде жүзеге асырылып келген Tugan Qala бастамашыл бюджеттендіру бағдарламасының аяқталатынын хабарлайды.

Tugan Qala бағдарламасын аяқтау туралы шешім Топтың корпоративтік әлеуметтік басымдықтары мен әлеуметтік инвестицияларды бөлу тәсілдерін қайта қарау аясында қабылданды.

Сонымен қатар ERG ағымдағы жылға жоспарланған инфрақұрылымдық жобалардың аяқталуын қамтамасыз етеді. Алайда. биыл іс-шаралар форматындағы бастамаларды жүзеге асыру көзделмеген.

2020-2025 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардың бастамасы мен белсене қатысуының арқасында бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,73 млрд теңгелік 197 жоба жүзеге асырылды. Қалаларда жаңа спорт және балалар алаңдары, қоғамдық және инклюзивті кеңістіктер, арт-нысандар мен тұрғындарға арналған басқа да орындар бой көтерді.

ERG бірлескен жұмыс үшін тұрғындарға, әкімдік өкілдеріне және қоғамдық серіктестерге алғыс білдіреді. Жүзеге асырылған жобалар қалалық ортаның бір бөлігіне айналып, тұрғындардың өз бастамаларының нәтижесін көрсетті.