Серік Шахажанов

Бас директор

Серік Шахажанов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Іскерлік әкімшілік басқару шебері» (МВА) дәрежесін алған. Кейін Экономиканың жоғарғы мектебі Мемлекеттік университетінде (Мәскеу қ.) «Іскерлік әкімшілік басқару докторы» (DBA) дәрежесін алды.

1998-1999 жылдары

«Найзатас» ЖАҚ-ның маркетинг және қаржылық талдау бөлімінің маманы болып еңбек етті. 

2000-2001 жылдары

«Үміт» ЖЗҚ ЖАҚ-ның Павлодар филиалында зейнетақы қорының менеджері.

2001-2009 жылдары

Еуразиялық Топтағы еңбек жолын Серік Шахажанов 2001 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының қаржы бөлімінде экономист қызметінен бастады. Кейін аталған кәсіпорынның қаржы бөліміне, одан соң «Қазхром» ТҰК» АҚ қазынашылық департаментіне жетекшілік етті.

2009 жылдың қаңтары мен 2014 жылдың сәуір айлары аралығында

«Қазхром»ТҰК» АҚ қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті лауазымында компанияның қаржы-экономикалық қызметін басқарып, кәсіпорындардың салық және бухгалтерлік қызметтерін бақылап, кәсіпорын ресурстарын дұрыс пайдалануы мен жоспарлауды көздейтін ERP жүйесін әзірлеп, іске асыруға белсенді ат салысты.

2014 жылдың мамыр айында

«Еуразиялық Топ» ЖШС-іне ауысып, талдау және стратегиялық даму жөніндегі Басқарушы директор қызметіне кірісті. 2014 жылдан бері – Басқарма Төрағасының стратегия және компанияны дамыту жөніндегі орынбасары. Серік Шахажановтың басшылығымен Топ кәсіпорындарының экономикалық тиімді әрі ұтымды ұзақмерзімдік стратегиялық даму жоспарлары әзірленді. Қазақстандағы өндірістік активтердің капиталды шығындары, сатып алулар, жылдық сатып алулар бағдарламалары әзірленіп, талданып, бекітілді.