Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Расул Абдуллаев İstanbul Aydın Üniversitesi-нде «Халықаралық сауда» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын стартаптар мен маркетингтік жобаларды ілгерілетуден бастады. Kex маркетинг агенттігінің және «Министерство маркетинга» компаниясының негізін қалаушы. Сондай-ақ, Yuframe жобасының негізін қалаушылардың бірі.
2022 жылы сайлау науқанын әзірлеу мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Расул Абдуллаевтың жетекшілігімен Huawei, Samsung, Nestlé және Coca-Cola секілді халықаралық және қазақстандық компаниялардың жобалары табысты іске асырылды. Ол корпоративтік және маркетингтік коммуникациялар, брендті дамыту және цифрлық жобаларды іске асыру салаларында мол тәжірибесі бар маман.