Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Олжас Рахметов Джордж Вашингтон университетінде магистратураны бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты, ASSA, PMP және SMRP халықаралық сертификаттарының иегері.
2017 жылы ERG-ге ауысқанға дейін халықаралық компанияларда, соның ішінде PricewaterhouseCoopers компаниясының Қазақстан және АҚШ-тағы кеңселерінде қызмет атқарып, аудиторлық қызметтер көрсетуге және бірігу мен қосып алуға қатысты мәмілелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге маманданған.
Бұған дейін Олжас Рахметов ERG-дің «Алюминий» дивизионының күрделі құрылыс және инвестициялық қызмет бағытын басқарды. Сондай-ақ, ERG-дің Қазақстан периметрінің инвестициялық жоспарлау және күрделі жобалардың мониторингі бағыты бойынша қаржы блогының атқарушы директоры қызметін атқарған.
Аталған қызметке тағайындалғанға дейін Олжас Рахметов «ERG Service» ЖШС Бас директоры және «Еуразиялық Топ» ЖШС Техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚКЖ) жөніндегі директоры болып қызмет атқарды.