1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы https://primeminister.kz/kz/government/composition/zhumangarin
Кәсіпкерлікпен айналысқан.
Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
«NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
ҚР Өңірлік даму вице-министрі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.