Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін, Халықаралық бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.
Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекшісі, бас салық инспекторы, ШКС жұмысы және аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.
Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.
ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.
Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау облысы бойынша басшысы.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаментінің директоры.
ҚР ұлттық экономика вице-министрі.ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.
Қазақстан Республикасы қаржы министрі.