Eurasian Resources Group не үшін Ақтөбе облысына 4,8 млрд теңге қаражат бөліп отыр?
Қалыптасқан дәстүрге сай ERG мен Ақтөбе облысының әкімдігі өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. 2023 жылы Топ аймақтағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға 4 млрд 864 млн теңге бағыттайды. Олар Ақтөбе облысының 175 мың тұрғынын қамтымақ.
Бұл қайтіп іске асады?
Меморандум – ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау механизмі. ERG жыл сайын сауалнама жүргізіп, әлеуметтік бағыттағы жұмыстардың жіті назар аударуды қажет ететін басым бағыттарын айқындап алады. Осындай іріктеу нәтижесі сарапшылар талдауына ұсынылып, кейін келе ERG қаражаты есебіненоблыстық әкімдік тарапынан іске асырылатын жобалар тізімі түзіледі. Компания биыл бұл мақсатқа 4,8 млрд теңге қарастырып отыр.
– Біздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміз «туған қалаларымыздағы» тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жүйелі үлес қосуға ден қойған, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Біз мұнда тек бір ғана саланы қамтумен шектелмей, медицинадан бастап, қоғамдық аймақтарды абаттандыруға дейінгі сан бағытты түгел қамтитын кешенді ұстанымға негізделген. Осы жолда біз өскелең буынға лайықты білім алу, барынша жайлы ортада жан-жақты дамуына керекті жағдай жасауға талпынамыз.
Денсаулық сақтау
Меморандум биыл теңдессіз «ERG дәрігерге» бағдарламасын қолға алуды көздейді. Осы жоба аясында компания отандық озық жоғарғы оқу орындары мен жетекші халықаралық медициналық университет арасындағы әріптестікті нығайтып, қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруды көздеген. Оқыту онкология мен ортопедия салаларын қамтиды. Одан бөлек, медициналық мекемелердің қажеттілігін қамдау үшін 10 фельдшер рюкзагі сатып алынады.
Білім беру бастамалары
Орта-арнайы және жалпы білім беру салаларын қолдау да назардан тыс қалмайды. ERG жыл соңына дейін облыстағы үш колледж бен Қ.Жұбанов атындағы аймақтық мемлекеттік университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қомақты қаражат бағыттайды. Бұл бағыттағы ауқымды жобаның бірі – Ақтөбе қаласында 2000 орындық жалпы білім беретін орта мектептің құрылысын қаржыландыру. Аймақта мұғалімдердің біліктілігін арттыруға септесетін «ERG Mektepke» және арнайы-орта білім беруді дамытуға бағытталған «ERG колледждерге» бағдарламасы жалғасып, іске асады. Осы екі жоба мыңнан астам педагог пен 17,5 мың оқушыны қамтыған. Бұдан бөлек, Хромтау мектептеріне STEM-зертханалар орнату жалғасады.
Абаттандыру
Қалыптасқан дәстүр бойынша Меморандум қоғамдық орындарды абаттандыру мәселерін де қамтыған. Мәселен, Хромтаудың №22 кварталында саябақ салынып, Хромтау қаласының аулаларын абаттандыру көзделді.
Коммуналдық шаруашылық нысандарын қолдау
ERG жыл сайын жасалатын Меморандумдар аясында Хромтау қаласында орталықтандырылған жылу беру жүйесін, сумен қамдау және кәріз жүйлері қолдауға тұрақты қаражат бөліп келеді. Биыл Хромтаудың коммуналдық қызметтеріне арнайы техника сатып алу көзделген.
Партисипаторлы бюджеттендіру
Меморандум аясында Хромтауда корпоративтік «Tugan Qala» бастамасының 9 жобасы қаржыландырылады. Бұл жобаларды қала тұрғындары өздері ұсынып, бастамаларын толық пысықтаған. Жеңімпаз бастамаларды тұрғындар дауыс беру арқылы өздері айқындады. Жобаға былтыр 2844 қала тұрғыны қатысқан. Осы орайда, бұл бастаманың арқасында қаланы абаттандыру мен осы салада шешім қабылдауға қатысатын, қаланың инфрақұрылымын дамытуға септесетіндер қатары күрт ұлғайғанын айта кету керек. Осылайша, жоба қаланы көркейтуге ат салысу мәдениетін қалыптастырып, елді мекеннің бюджетін үлестіруге қатысушылар қатарын кеңітті.
Жыл сайын меморандум аясында бірқатар дене шынықтыру-сауықтыру нысандары қаржыландырылады. Мәселен, Ақтөбе мен Хромтаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Хромтаудың Мәдениет үйі меморандум қаражатынан қаржыландырылып келеді. Жоғарыда аталған нысандардағы спорт үйірлерінде 1200 бала гандбол, баскетбол, футбол мен волейбол үйірмелеріне тұрақты барып жүр.
ERG құрылғаннан бері Топ кәсіпорындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз сүбелі үлес қосып келеді.
Осыған дейінгі Меморандум аясындағы қаражаттың қай бағыттарға жұмсалғанын мына және мына сілтемелерден таба аласыз.
Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге Eurasian Resources Group құйған (соның ішінде ERG және облыс әкімдіктерімен арадағы Меморанумдар аясында да) әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 млрд доллардан асты.