10 Шілде 2023

ERG Бразилия президентінің рұқсатымен Баия штатында жылына 60 миллион тонна жүк өткізетін FIOL темір жолының бірінші учаскесінің құрылысын бастады

ERG Бразилия президентінің рұқсатымен Баия штатында жылына 60 миллион тонна жүк өткізетін FIOL темір жолының бірінші учаскесінің құрылысын бастады

Теміржол жобасын жүзеге асыруға теміржол құрылысы саласына маманданған қытайлық CREC 10 компаниясы қатысады.
FIOL 1 жолының жалпы ұзындығы 537 км-ден асады және 19 муниципалитет арқылы өтеді. 1F учаскесінің ұзындығы 127 км.
Ұзақтығы 36 айды құрайтын жобаны жүзеге асыру барысында 1200-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара 3 шілдеде Ильеус қаласында өтті. Салтанатты ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка, BAMIN бас директоры Эдуардо Ледшем және BAMIN басқарма төрағасы Эрик Гаустад басқарды. Ильеустағы салтанатты шараға Бразилия президенті Лула да Силва, Бахия штатының губернаторы Жеронимо Родригес, президент аппаратының басшысы және Бахия штатының бұрынғы губернаторы Руи Коста дос Сантус, сондай-ақ Бразилия Сенатының мүшелері, министрлер, Бахия штаты үкіметінің хатшылары, штаттың оңтүстік муниципалитеттері кеңестерінің мүшелері және ERG-дің халықаралық серіктестері қатысты.

Іс-шараның барлық қатысушылары FIOL 1 темір жолының Бразилиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі ретінде маңыздылығын атап өтті және темір жолдың бірінші учаскесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталуын құптады. Салтанатты шара барысында ERG қытайлық CREC 10 және Sinosteel компанияларымен жаһандық жобалар бойынша, соның ішінде Бразилияда ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы меморандумдарға қол қойды.

CREC 10 қазірдің өзінде бразилиялық TIISA құрылыс компаниясын қамтитын TCR-10 консорциумының мүшелерінің бірі ретінде ERG-дің Бразилиядағы маңызды іскер серіктесі болып табылады. FIOL темір жолының бірінші учаскесінің құрылысына 1,1 миллиард бразилиялық реал көлеміндегі келісім-шартын жеңіп алған консорциум темір жолдың құрылысына, инфрақұрылымына және жер үсті бөліктеріне жауапты болады. 1F учаскесінің құрылысы кезінде шамамен 1200 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

FIOL 1 жолының құрылысы экономиканың әртүрлі салаларындағы өсудің катализаторы болады және теміржол өтетін муниципалитеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Ұзындығы 127 км болатын 1F учаскесі Ильеус, Урусука, Убайтаба, Гонгожи, Итажиба, Аурелину-Леал және Айкара муниципалитеттері арқылы өтеді. 1F учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының ұзақтығы шамамен 36 айды құрайды деп күтілуде. FIOL 1 жолы BAMIN компаниясы жүзеге асырып жатқан ERG-дің біріктірілген жобасының негізгі құрамдас бөлігі болады. Оған сонымен қатар Каетиттегі жұмыс істеп тұрған Педра-де- Ферро жоғары сапалы темір кеніші мен Ильеус жағалауындағы салынып жатқан Порту-Сул терең су терминалы кіреді. Осы үш жобаға инвестицияның жалпы көлемі шамамен 20 миллиард бразилиялық реалды құрайды.

Бразилия президенті Лула да Силва былай деді: «Бразилия сияқты елге ұлттық байлықты тасымалдау үшін теміржол жүйесі қажет, оны құру сенім мен біліктілікті қажет етеді. Ұлттық егемендік мүддесі үшін алдымызда еліміздің бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыру міндеті тұр, осыған байланысты 2026 жылы аяқталатын осы темір жол құрылысын қайта бастаймыз. Кәсіпкерлерге сенім білдіріп, FIOL 1 жобасын жүзеге асыруға ынталы болғандары үшін алғыс айтқым келеді. Баия штатының жетістігі Бразилияның жетістігін білдіреді».

Жеронимо Родригес, Баия штатының губернаторы былай деді: «Темір жол мен вагондары бар локомотивтерден құралған композиция Бахия штатының және бүкіл елдің дамуын әкелетін бірегей символ іспеттес. Бүгін біз Баия штаты дамуының жаңа кезеңінің басында тұрмыз, оның маңызды құрамдас бөлігі теміржол болып табылады».

Бенедикт Соботка, ERG Бас атқарушы директоры, былай деді: «Eurasian Resources Group Бразилиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатын Батыс-Шығыс трансқұрлықтық теміржолының (FIOL 1) құрылысының ресми түрде басталғанын мақтанышпен хабарлайды. Темір жол ірі экспорттық және логистикалық дәліз жасайды және бүкіл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды стимулге айналады, сондықтан оның құрылысы Баия штаты және тұтастай алғанда ел үшін маңызды кезең болып табылады. Біз 1200-ге жуық құрылыс жұмыс орнын ашатын және Бразилиядағы ұзақ мерзімді қатысуымыздың бір бөлігі болатын осы ауқымды жобада жергілікті бизнеспен және басқа серіктестермен жұмыс істеуді асыға күтеміз. ERG қазірдің өзінде Орталық Азиядағы ең ірі көлік операторларының біріне айналды және Оңтүстік және Орталық Африкада жұмыс істейтін SABOT логистикалық компаниясына иелік етеді. BAMIN мамандарының кәсіпқойлығы біздің теміржол саласындағы мол тәжірибемізбен үйлессе, бұл жобаның толық табысына кепілдік беретініне сенімдімін».

Ли Хайфэн, CREC 10 бас директоры былай деді: «Қытай тарапынан жұмыс жасайтын мемлекеттік кәсіпорын ретінде біздің компания FIOL жолының құрылысын ең жоғары стандарттарға сәйкес жүргізуге, орнықты даму мен жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатына ықпал бар күшін салады. Бұл жобаға қатысу «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруға қосылған табысты үлес болып табылады».

FIOL 1 жолының өткізу көлемі жылына 60 млн тонна жүкті құрайды. BAMIN бұл көлемнің 40%-ын ERG компаниясының Педра-де-Ферро кенішінен кенді тасымалдау үшін пайдаланады, ал қалған қуаттылық штатта орналасқан әртүрлі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарын қоса алғанда, басқа компаниялардың өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

«FIOL 1 жолы – бұл Баия штаты үшін орасан зор экономикалық әлеуеті бар нақты жоба. Бірқатар маңызды жобалар үшін негізгі инфрақұрылым нарық сұранысын қанағаттандыру және операциялық өнімділікті жақсарту үшін өте қажет. Біз мұны Баия штатында ең тиімді және тұрақты логистикалық шешімдерді жасау арқылы жүзеге асыра аламыз. Біздің бірінші басымдылығымыз – жаңа мүмкіндіктер ашатын, муниципалитеттерде экономикалық өсуді қамтамасыз ететін және Баия штаты тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартатын дәліз құру», - деді Эдуардо Ледшем, BAMIN бас директоры.

«Темір жол мен порт 2027 жылы аяқталса, бұл дәліз әртүрлі салалардағы экономикалық дамуға жаңа серпін береді және жергілікті қауымдастықтарға оң әсер ететін болады. Баия штаты ел экономикасында жаңа маңызды рөл атқара бастайды, өйткені бұл жоба аймақтық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және FIOL 1 бағыты бойынша өндірістік тізбектерді дамытуға бағытталған», - деді BAMIN темір жолының бас директоры Серджио Лейте.

BAMIN компаниясында 14 жыл жұмыс істеген қауымдастықпен байланыс жөніндегі сарапшы Сандра Арголоның айтуынша: «Бұл жоба Бразилияның барлық аймақтарындағы адамдардың өмірін өзгертеді, жаңа жұмыс орындарын ашады және Баия штатында жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашады. BAMIN – жай сандар емес, бұл маңызды мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ететін кәсіби мамандардың біртұтас ұжымы. BAMIN – нәтижеге жету үшін бірге жұмыс істейтін команда».

«Біздің біріктірілген BAMIN жобамызға ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сапалы домна рудасымен қамтамасыз ететін Педра-де-Ферро темір кен орны кіреді, бұл біздің тұтынушыларымызға көміртегі іздерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Біздің кенішіміздің арқасында Баия штаты елдегі үшінші ірі темір рудасын өндіруші болып табылады. FIOL 1 жолының өткізу қабілеті жылына 60 млн тонна жүкті құрайды. Бұл жобалар біздің Бразилиядағы қызметіміздің және елдің экономикалық дамуына қосқан үлесіміздің тамаша үлгісі болып табылады», - деп атап өтті Соботка мырза.

***

БРАЗИЛИЯДАҒЫ ERG-ДІҢ BAMIN БІРІКТІРІЛГЕН ТЕМІР КЕНІ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕРІ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ:

FIOL – 2021 жылдың қыркүйегінде Инфрақұрылым министрлігі FIOL I темір жолының 537 км учаскесінің құрылысына келісімшартқа қол қойды. BAMIN 35 жылға концессиялық келісім жасасты, оның бес жылы құрылысқа, 30 жылы жол пайдалануға берілді. Еліміздің батысы мен шығысын байланыстыратын темір жол құрылысын үш кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. 2021 жылдың сәуір айында BAMIN Каетиттен Ильеуске дейінгі 1-учаскелік аукционды жеңіп алды. INFRA S.A. (бұрын Валек) FIOL 1 учаскесінің шамамен 70% орындады, қалған 30% жұмысына БАМИН жауапты. FIOL темір жолының 2 және 3 учаскелерін Бразилия федералды үкіметі басқарады.

 

ПЕДРА-ДЕ-ФЕРРО КЕН ОРЫНЫ: Каетите (шахта орналасқан жер) мен Ильеусты (порт салынып жатқан жер) байланыстыратын логистикалық дәлізді құру BAMIN компаниясына кен өндіруді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Педра-де-Ферро кен орнындағы өндіріс 1 млн тоннаны құраса, 2027 жылға қарай 26 млн тоннаға дейін өседі деп болжануда. Бұл Бразилиядағы темір рудасының үшінші ірі өндірушісі ретінде Баияның позициясын нығайтады.

BAMIN халықаралық нарыққа бірегей сипаттамалары бар жоғары сапалы темір рудасының шикізатын жеткізеді. 2022 жылы кәсіпорын өндіретін темір рудасының ұсақ құрамындағы темірдің орташа мөлшері 65,5-66% құрады, бұл оны премиум санатқа жатқызуға мүмкіндік береді. Бұл жоғары сапалы кенді пайдалану көміртегі ізінің азаюына ықпал ететін болат балқытудағы көмірді тұтынуды азайтатын декарбонизацияға бағытталған жаһандық үрдіске сәйкес келеді.

ПОРТУ-СУЛ: Ильеус жағалауында орналасқан Порту-Сул терең судағы теңіз порты 250 мың тоннаға дейінгі кемелерді қабылдауға қабілетті болады. Оны пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған. Оның өткізу қабілеті жылына 42 миллион тоннаға дейін жетеді деп күтілуде. BAMIN порттың жұмыс істейтін қуаттарының 60%-ын пайдалануды қамтамасыз етеді, ал қалған 40%-ы басқа компаниялардың, соның ішінде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жүктерін өңдеуге жұмсалады.