Бұған дейін ол Еуразиялық Топ құрамындағы «Қашар кені» АҚ-н басқарған. Бүгінге дейін Дөң тау-кен байыту комбинатын басқарып келген Азамат Бектібаев қызметін Топта кеңесшісі ретінде жалғастырады.
Бұған дейін ол Еуразиялық Топ құрамындағы «Қашар кені» АҚ-н басқарған. Бүгінге дейін Дөң тау-кен байыту комбинатын басқарып келген Азамат Бектібаев қызметін Топта кеңесшісі ретінде жалғастырады.
Нұрлан Саринжиповтің металлургия және тау-кен өндірісі кәсіпорындарында 38 жылдық толысқан тәжірибесі бар. Ол Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын Ертіс кенішінде жерасты тау-кен шебері қызметінен бастап, учаске басшысына дейін өскен. 1995 жылы Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер Одағы ұйымының құрылыс жұмыстары бөлімінің жетекші маманы атанады. Кейін «Ай-Дан Мұнай» ЖШС, «Алтын Төбе» ЖАҚ, «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ және «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концернінде басшылық қызметтер атқарған.
Нұрлан Саринжипов ERG командасына 2017 жылы «Қазхром»ТҰК» АҚ тау-кен департаментінің басшысы ретінде қосылған. 2021 жылдың қыркүйегінде «Қашар кені» АҚ басшысы лауазымына тағайындалды. Оның жетекшілігімен «Қашар» кеніші қайта құрылды. Өнімділігі жоғары жаңа тау-кен көлік жабдықтары енгізіліп, өндіріс технологиясы жетілдірілді. Үнемді өндіріс технологиялары енгізілді. Кәсіпорынның өндіріс алаңдары мен ауыл инфрақұрылымы жаңғыртылып, еңбек жағдайын жақсарту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.
Азамат Бектібаев – 50-ден астам ғылыми мақалалар мен 12 өнертабыстың авторы. Д.А.Қонаев атындағы ТКИ Құрмет грамотасымен марапатталды. Үздік ғылыми жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясы алқасының диплом иегері. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі сыйлығының лауреаты. Оның еңбегі ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен еленді. Азамат Әділғазыұлы ERG құрылымында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Он жылдан астам уақытта тау-кен бөлімі басшысынан басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасарына дейін өрледі. Топ кәсіпорындарында жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізуге және экономикалық тиімділік бағдарламаларына жетекшілік етті. 2021 жылы Дөң тау-кен байыту директоры қызметіне тағайындалды. Оның тікелей қатысуымен кәсіпорынның негізгі өндірісін қолдайтын шағын кен орындарын игеру жобасы іске қосылды. Қордаланған қалдықтарды қайта өңдейтін заманауи өңдеу фабрикасы іске қосылды. Тиімділікті арттыру қамында ірі жобалар жүзеге асырылды. Азамат Әділғазыұлы бұдан былай қызметін Топтың кеңесшісі ретінде жалғастырады.