aqtobegazeti.kz 19.03.2024 – НАЗГҮЛ — ТЕМІР ЖОНУДЫҢ ШЕБЕРІ

Бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек ететін Назгүл Мұқашева әңгімесін осылай бастады.

Бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек ететін Назгүл Мұқашева әңгімесін осылай бастады. 17 жылдан аса токарь білдегінде жұмыс істеп келе жатқан ол — өз ісінің нағыз білгірі. Талай жыл табысты еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміз – Назгүл Жақсылыққызы комбинаттың шахталарына қажет қамыт (хомут), горизонттарға арналған бекітпелердің ұсақ түйреуіштерін жасайды.

— Біз негізі Ақтөбенің Шалқар ауданынанбыз. Бала күнімізде Хромтау жаққа қоныс аудардық. Бес ағайындының үлкенімін. Жетінші-сегізінші сыныптарда жасөспірімдерді еңбекке баулып, картоп егуге, сақманға жіберетін еді. Бір қызығы, сол кезде қыздарды токарьлық іске де баулыды. Бала күнімде меңгеріп алған сол кәсібім пайдама жарап келеді, —  деп кейіпкеріміз әңгімесін тарқата түсті.

дереккөзі