KASIPODAQ.KZ 28.03.2024 – ІРІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕС АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БАҒЫТТАЙДЫ

KASIPODAQ.KZ 28.03.2024 – ІРІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕС АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БАҒЫТТАЙДЫ

Eurasian Resources Group пен Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара түсіністік пен серіктестік туралы дәстүрлі меморандумға қол қойды. ERG бұл мақсаттарға биыл 4,7 млрд теңге бөледі.
Құжатқа Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов қол қойды. Қаражат аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталмақ.
Осы орайда, Меморандумға енген жобалар сауалнама нәтижесінде іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн. Сарапшылардың мұқият талдауынан соң, әлеуметтік бағытта іске асуы тиіс ең маңызды жобалар айқандалған.

ERG қызметін бастағалы бергі 30 жыл бойы Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ұмтылып келеді. Біздің негізгі миссиямыз – қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерін, «туған қалаларымыздың» тұрғындарын бақытты ету. Ол үшін біз үйлер, мектеп, спорт және мәдениет орталықтарын салып келеміз. Биыл да өңір басшыларымен бірлесіп, тұрғындардың бастамаларын қолдап, білім беру мен спортты дамытамыз”,- деді ERG бақылаушы кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.

Краткий перевод: ERG и акимат Актюбинской области подписали традиционный меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве по реализации социально значимых проектов. Группа выделит 4,7 млрд тенге на эти цели.

Документ подписали аким Актюбинской области Асхат Шахаров и генеральный директор Eurasian Resources Group в Казахстане Серик Шахажанов. Средства будут направлены на социально-экономическое развитие региона и инфраструктуры.  Необходимо отметить, что проекты, вошедшие в меморандум, выбраны на основе опроса. После тщательного экспертного анализа выявляют наиболее приоритетные социальные направления для реализации.

дереккөзі