ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының автопаркі жалпы сомасы 900 миллион теңгелік 8 техникамен толықты. Қатарға қосылған жаңа көліктер өндірістік міндеттерді жылдам әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағдарлама аясында сатып алынған грейферлі жүк тиегіш, экскаватор және түрлендірілген фронтальды жүк тиегіштер вагондардан шикізатты түсіру кезінде, металлургиялық шөміштерді тазалауда, жөндеу науқандарында және қож өңдеу орындарында пайдаланылады. Жаңа техникалар бұрынғыларына қарағанда қуатты, икемді және көлемді.
– Қазір біздің алдымызда ферроқорытпа өндірісі мен өңделген қож көлемін ұлғайту міндеттері тұр. Сондықтан жаңа техникалардың көлік қызметкерлеріне тигізер пайдасы зор болмақ. Заманауи жабдықтардың артықшылықтары көп, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының өндіріс жөніндегі директоры Сұңғат Балтабаев.
Техникалық сипаттамаларын былай қойғанда, зауытқа әкелінген жабдық барлық қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Көлік жүргізушісіне жайлы, эргономикалық әрі көлікті басқару мен жөндеу де оңай. Кейбір көліктер желіге шығып та үлгерді.
Кәсіпорынға бұған дейін 25 тонналық 5 самосвал сатып алынған. Бүгінде олар цехтың қож өңдеу және шикізат өнімдерін тасымалдау учаскелерінде қолданыста жүр.