Қашар жылу орталығы жаңғыртудың келесі кезеңіне өтті

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін Eurasian Resources Group (ERG) Темір дивизионының «Қашар кені» АҚ Қашар жылу орталығы газ қазандарына арналған жаңа құбырлардың құрылысына жобалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Оның түпкі шешіміне жоспардан тыс сараптама ықпал еткен. Нәтижелері бойынша жылу орталығын қайта құрылымдау жалғасады. Жаңа газ құбырлары – қашарлықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту қамындағы сенімді қадам.

Өткен жылыту кезеңі Қостанай облысының Қашар кентінде жаңа тәсілмен өткізілді. Себебі, Қашар жылу орталығының көмірден газға ауысуқан. Отынның жаңа түрі технологиялық сұлбаның өзгеруіне ықпал етті және жылумен жабдықтау нысанында ауқымды қайта құру жұмыстарына қозғау салды.

Ауқымды жұмыс атқарылды. Қашар кентінің газ тарату пунктінен Қашар жылу орталығына дейін жерасты газ құбыры салынды. Газ реттеу пункті орнатылды. Кенттің газ тарату станциясына қайта жаңарту жүргізілді. Көмір қазандары газ қазандарына ауыстырылды: жазда ыстық сумен қамтамасыз ету үшін өнімділігі 10 Гкал/сағ бір қазандық және негізгі жылыту жүктемесін көтеру үшін өнімділігі 50 Гкал/сағ екінші қазандық салынған. Жаңғыртудың келесі кезеңі – газ құбырларын тарту.

– Жылу орталығының жұмысын отынның экологиялық таза түріне ауыстырғаннан кейін су буының жоғары болуына және шығатын түтін газдарының төмен температурасына байланысты қолданыстағы түтін құбырын пайдалану мүмкін еместігі анықталды,- дейді «Қашар жылу орталығын қайта құрылымдау» жобасының жетекшісі Дмитрий Семенченко. – Бұл мәселені шешу үшін газ қазандарына арналған жаңа құбырлардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге кірістік.

Жылытуаралық кезеңде Жылу орталығы қайта құру жұмыстарын жалғастырады. Өнімділігі  50 Гкал/сағ. болатын үшінші резервтік газ қазанын орнатылып жатыр. Жобалық құжаттаманы алғаннан кейін жаңа газ құбырларының құрылысы басталады. 2024 жылдың соңына қарай осы экологиялық жобаны толығымен аяқтау жоспарланған.