2 мамырда ERG Capital Projects басшылығында өзгерістер болды

«Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директорының жобалар және даму жөніндегі орынбасары - «ERG Capital Projects» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келген Ардақ Нұразханов Топтан кету туралы шешім қабылдады.

Ардақ Нұразханов ERG командасына 2021 жылы қосылған болатын. Ардақ Нұразханов үш жылға жуық уақыт ішінде Еуразиялық Топта куратор ретінде. ҚТОШ-2, ERG Green (Шламдар-2), ЫБТ зауыты, 64-ші пештің ТТЗ ІРЖ, Хромтау-1 ЖЭС, арнайы кокс зауыты сияқты А санатындағы күрделі жобаларды іске асыруға жетекшілік етті.

Ардақ Нұразханов сондай-ақ ірі күрделі жобаларды басқару ісін матрицалық жүйеден (Астана қаласындағы орталықтандырылған бөлімшелер арқылы) желілік жүйеге (жобалау командалары арқылы) көшіруге сеп болды; бөлімшелердің сараптамалық рөлін күшейте отырып, ERG Capital Projects функционалдық орталығын қайта құрды. Ол сондай-ақ, Жобалық басқару академиясының мазмұны мен форматын әзірлеу мен іске қосу және жобалық командаларға мотивация жүйесін енгізу ісін құрылымдады.

ERG Exploration лицензиялар портфелін дамыту және оңтайландыру стратегиясын қалыптастыру бағытына жетекшілік етті.

Мамырдың 2-сінен бастап «ERG Capital Projects» ЖШС бас директоры қызметіне уақытша Серік Кәрімжанұлы Шахажанов тағайындалады. Ол бұл міндетті өзінің негізгі қызметі – «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры қызметімен қатар атқарады.