Мамырдың 10-ы күні «Көмір» дизивионы басшылығында өзгеріс болды.

«Дивизионға» осыған дейін жетекшілік етіп келген Михаил Владимирович Барабаш Топтан кету туралы шешім қабылдаған.

Сол себепті, «Көмір» дивизионы бас операциондық директорының міндетін уақытша атқарушы болып Сергей Павлович Ким тағайындалды. Сондай-ақ, ол «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры қызметін қатар атқара береді.

«Көмір» дивизионының тізгінін Михаил Барабаш 2022 жылдың желтоқсан айында қолға алған. Содан бері ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда: қысқа мерзімде көмір активтерін басқарудың дивизиондық құрылымы түзілді. 2023 жылы көмір өндірісінің көлемі 2,4 млн тоннаға артқан. Бұл 2022 жылы қос разрезден алынған өнім көлемінен 10% жоғары.

Сергей Ким «Шұбаркөл көмір» АҚ-ндағы қызметін 1989 жылы учаске маркшейдері болып бастаған. Қызмет сатысының барлық кезеңдерімен өрлеп, 2022 жылы Сергей Павлович кәсіпорынның бас директоры лауазымына тағайындалды. Ол да ауқымды істерге білікті басшылық етті. Атап айтқанда: көмірді өндіру мен жөнелту көлемі ұлғайтуға септесті. ERG СР мамандарымен бірлесіп, Сергей Ким спец кокс өнідіретін зауытты салу мен оны іске қосу ісіне сүбелі үлес қосты. ERG ҒЗИО мамандарымен тізе қосып, кәсіпорындағы жаңа бағыт – көмірхимия саласын дамытуға күш салып келеді.