Turkystan.kz 17.05.24 – Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге баспана беріліп жатыр

Су тасқынының салдарынан өңірде 4 600 тұрғын үй апаттан зардап шекті. Бүгінде 1 мыңнан астам үй мен саяжай тексеріліп, оның 641-і жөндеуге жатпайтыны анықталды.

ERG-дің еріктілері

Ал "Қазхром" трансұлттық компаниясының бас директоры Сергей Прокопьев ERG компаниялар тобына қарасты барлық кәсіпорын тасқыннан зардап шеккендерге және су тасқынының салдарын жоюға қолдау танытып жатқанын айтады.

- ERG компаниялар тобының барлық кәсіпорны су тасқынының салдарын жою үшін қолдан келгенше көмек көрсетеді. Компаниялар тобының акционерлері қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 40 миллиард теңге бөлді. Ақтөбе облысында біздің компаниялар төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап жергілікті атқарушы органдармен белсенді қызмет етуде. Біз техника беріп жатырмыз, сонымен қатар біздің еріктілер қозғалысы да белсенді көмектесіп жатыр, - дейді Сергей Прокопьев.

дереккөзі