ERG мен колледждер альянсы ТКМ саласына маман даярлауда енді Қытайдың кәсіби білім беру альянсымен де бірлесе жұмыс істейді

Тиісті меморандумға ERG-дің Қазақстандағы бас директорының персонал мен мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина, Қытайдың кәсіби білім беру альянсының төрағасы Мин Сюэ және ERG мен колледждер альянсының төрайымы Алма Айтуаровалар қол қойды.

Сенімді серіктестік еліміздің тау-кен металлургия саласы, атап айтқанда ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарына сұранысқа ие кәсіби-техникалық мамандарды даярлауға бағытталған.

Әріптестік аясында кәсіби, техникалық және орта білімнен кейін оқыту, жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бірлесіп жетілдіруді қарастырылған. Ауқымды істе Қазақстандағы тау-кен металлургия саласының қазіргі сұраныс-талаптарын ескеру, түлектердің кәсіби дағдыларын жоғарылатуға септесу көзделген. ERG мен колледждер альянсы студенттеріне Қытайдың озық ТМК компаниялары мен үздік оқу орындарында тағлымдама ұйымдастыру, ERG Skills сынды кәсіби біліктілік сайыстарына жол ашу, ERG кәсіпорындарының негізігі бағыты бойынша олимпиадаларға «Бір жол – бір белдеу» кәсіби білім беру альянсына қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған.

- Біз серіктестік пен тәжірибе алмасудың потенциалы жоғары екеніне сенімдіміз, - деді Қытайдың кәсіби білім беру альясының төрағасы Мин Сюэ. – Альянс колледждерінің материалдық-техникалық базасы мығым, тәжірибесі толысқан. Біз академиялық мобильділікке ынталымыз. Яғни, қазақстандық студенттерді өз оқу ордаларымызда қабылдауға әзірміз.

Тараптар Топ кәсіпорындары мен колледждер, мектептер, жоғарғы оқу орындары және Қытайдың ТМК компаниялары және оқу орындарымен арадағы коммуникацияларды жақсартады. Оған қоса, қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдерін үйренуге ниеттілерге клубтар ұйымдастырылады.

- Қазақстандағы кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуда халықаралық әріптестіктің маңызы ерекше. Оның үстіне бұл түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп. ERG мен колледждер альянсының құрылуы, енді қытайлық әріптестерімізбен серіктестік – осының бәрі бұл бағыттағы нәтижелі қадамдардың бірі,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директорының персонал мен мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова.