Tugan Qala жобасы Хромтауда мердігерлер арасында іріктеу жүргізуді бастады

Моноқалада осымен төртінші жыл көрікті, сапалы да берік инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. ERG бастамасымен қолға алынған жобаның қазіргі таңда тағы бір кезеңі жүріп жатыр. Яғни мердігерлерге іріктеу басталды. Қала тұрғындарының кезекті идеяларын іске асыратын жеткізушілер 30 маусымға дейін өтінім бере алады.

2025 жылы жобаларды жүзеге асыратын мердігерлер үшін өтінімдер маусымның 11-і мен шілденің 1-і аралығында қабылданады. Биыл мердігерлердің маңызы арта түсті. Енді оларға тұрғындармен бірге жобалау кезеңінде шығындарды есептеп, техникалық сипаттамаларды анықтауға белсене қатысуы қажет болады. Мердігерлер тек шығындар сметасын беріп қана қоймай, сонымен қатар жоспарлау кезінде техникалық стандарттарды орындауға септеседі.

Жаңа өзгерістің мақсаты – қала тұрғындарымен  бірге  жоба авторларын да, қала қонақтарын да риза қылатындай жоғары сапалы нәтиже көрсету.

– Жобаға қызығушылық артып, идеялар саны өсіп келеді. Бұл мердігерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың да жоғарылағанын көрсетеді, - деді ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев. – Хромтау қашан да ұсыныстар мен идеяларды жүзеге асыру жағынан белсенділігімен ерекшеленеді. Біз үшін қазхромдықтардың туған қалаларының сапалы, мықты және әдемі инфрақұрылымы болуы маңызды.

Биыл жобаларға дауыс беруге хромтаулықтардың 6,6 %-ы қатысты. «Tugan Qala» жобасы бойынша дауыс беру кезеңі жыл басында өтіп, 27 жобалық ұсыныс қаралып, 10 жеңімпаз анықталған. Енді 2025 жылы он шақты жоба жүзеге асырылмақ.

– Бұл жоба бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан берекелі іс, - деді Хромтау қаласы әкімінің орынбасары Кеңшілік Битанов. – Осы жобаға сай мердігер ұйымдарды таңдау барысында келісімшартқа сәйкес өзінің екі жылдық кепілдігі бар. Яғни мердігер ұйым идеяны қолға алып, құрылысты бастағаннан кейін оның сапасын ескеру керек. Сапаға жұмыс істеу маңызды.

Өткен жылы ірі инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға бағытталған «Tugan Qala Birlestik» пилоттық жобасы аяқталғанын еске сала кетейік. Жақында ол шаралар қала ішінде көрініс табады. Соның бірі – орталық саябақтағы гиперкаска мен жарық тоннелі бар алаң.

Өтінімді қалай жолдауға болады?

Іріктеуге жеке кәсіпкерлермен қоса,  заңды тұлғалар да қатыса алады. Қатысу үшін 2024 жылғы маусымның 11-і мен шілденің 1-і аралығында «Tugan Qala» порталына тіркеліп, https://tugan-qala.kz/  сайтта өтінім беру қажет.

Қатысуға қойылатын негізгі шектеулер – бұрын істі болмауы, компанияның таратылу кезеңінде болмауы, іріктеу қатысушысының қызметін тоқтап тұрмауы, мемлекеттік бюджетке қарызы болмауы тиіс. Қатысушыларға қойылатын барлық талаптардың толық тізімі https://tugan-qala.kz/ сайтында көрсетілген.

Іріктеу қорытындысы шілде айында жарияланады.