Шұбаркөл көмір тек көмір өндіретін кәсіпорын ғана емес. Өнеркәсіп алаңында Шұбаркөл кен орнының көмірі екінші және үшінші қайта өңдеуден өтіп, тағы бес өнімі өндіріледі. Бұлар: спецкокс, белсендірілген көмір, көмір шайыры және май, және сұйық гуминді тыңайтқыштар. «Біз Шұбаркөл көмір өндірген гуматтарды сынап көрдік», - дейді Қазақстанның фермерлік жылыжайлар қауымдастығының өкілі Айдархан Ақбердиев.
Шұбаркөл кен орнының тозған көмірінен гуминді тыңайтқыштар өндіретін тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы 2022 жылы іске қосылды. Осы өндірістің арқасында бірден бірнеше мәселенің шешімі табылған. Біріншіден, ұзақ уақыт бойы кәсіпорын аумағында жиналып, қордаланып қалған тозған көмірді кәдеге жарату қамындағы экологиялық мәселеге назар аударылды. Екіншіден, ауыл шаруашылығы нарығына жаңа тыңайтқыштар ұсыну.
Қазіргі таңда натрий гуматының жеті тоннаға жуық дайын өнімі әзір. Ол сертификаттаудан және өнімді тіркеуден өтті,- дейді "ERG Ғылыми зерттеу инжиниринг орталығы" ЖШС жоба жетекшісі инженер-технолог Арман Әбиіров.
Гуматтар-топырақ құнарын арттыру және өсімдіктердің өсуін жақсарту үшін ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын органикалық қосынды. Бұл тыңайтқыш өсімдіктерге пайдалы болуы мүмкін калий, натрий, магний және басқалары әртүрлі иондарды қамтиды.
Тыңайтқыштардың сапасын Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілері тексеріп көрді. Жуырда Сарыағаштан келген Қазақстанның фермерлік жылыжайлары қауымдастығының өкілдері гумат өндірісімен танысып, олардан өндірілетін шикізаты – Шұбаркөл кен орнының тозған көмірін көру үшін өнеркәсіп алаңына барды.
- Қазір Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілері өнім сапасына көп көңіл бөледі. Мұнда басты екпін – табиғилық. Дақылдарды өсіру кезінде жасанды қоспалар неғұрлым аз болса, соғұрлым экологиялық таза өнім аламыз. Сондықтан, бізді Шұбаркөл гуматтары өте қызықтырды, сапасы жағынан да, тиімділігі жағынан да біз жылыжайларымызда әрқайсысын сынап көрдік, - дейді қауымдастық өкілі Айдархан Ақбердиев.
"Шұбаркөл көмір" АҚ -нда натрий гуматын өндіруден бөлек, "ERG Sales Kazakhstan" ЖШС және "ERG ҒЗИО" ЖШС-мен бірлесіп, өнімдер желісін кеңейту және гуминді тыңайтқыштардың тағы бір түрі-калий гуматын өндіру туралы ұйғарылған.
- Калий гуматы мен натрий гуматы әртүрлі қасиеттерге ие және өсімдіктерге әр түрлі әсер етеді,-дейді "Шұбаркөл көмір" АҚ ҒЗТКЖ менеджері Елена Мартынова. - Калий гуматының құрамында калий бар, ол өсімдіктер үшін маңызды қоректік заттардың бірі болып табылады. Ол өсімдік тамырының өсуіне ықпал етеді, олардың стресстік жағдайларға төзімділігін арттырады, сонымен қатар өнімділікті күшейтеді. Натрий гуматы өз кезегінде натрийді қамтиды және өсімдіктердің өсуі мен дамуына оң әсер етеді, су мен қоректік заттардың сіңуін жақсартады.
Жаңа тыңайтқыштың алғашқы сынақ партиясы – калий гуматы тыңайтқыштың тиімділігін бағалаушы зертханалық-дала жұмыстарын жүргізу және сапалық сипаттамаларын бағалау үшін Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінінің Биотехнология және экомониторинг ғылыми-зерттеу паркіне жіберілді.