ССКӨБ Рудныйдың балаларды қолдау орталығына робототехника кабинетін тарту етті

ССКӨБ өзінің 70 жылдығына орай қалаға тарту жасады. Солардың бірі - робототехника кабинеті. Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заманауи жабдықтарды қала құраушы кәсіпорынның өкілдері таныстырды. Білім беру жобасын іске асыруға 18 млн теңгеден астам қаржы салынған.

Рудныйда арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында бүлдіршіндер мен қаладағы мектеп оқушылары үшін робототехника кабинеті ашылды. Оны ССКӨБ қызметкерлері бұрынғы балалар үйінің базасында құрған.

- Балалардың әмбебап роботтарды жасау арманын Еуразиялық Топ жүзеге асырды, - деп атап өтті ССКӨБ Бас директоры Сергей Напольских. - Қарқынды дамып жатқан әлемде және біз үшін мұндай жобалар маңызды. Олар болашақта біздің компанияға жұмыс істеуге келетін балаларды оқытуға бағытталған. Мұндай кабинеттердің көмегімен балалар өз дамуына, ал болашақта елдің кен металлургия саласын дамытуға қажетті білім алады. 

Біраз уақыт бос тұрған кабинет құлпырып кеткен. Еден жабынын қалпына келтіруден бастап, жаңа жарықтандыруды орнатуға дейін күрделі жөндеу жүргізілді. Заманауи және эргономикалық жиһаз сатып алынған. Ең бастысы – жабдықтар кешені. Оған мыналар кіреді: интерактивті панель, автоматты калибрлеу және үлкейтілген басып шығару аймағы бар 3D принтер, бірнеше робот жинақтары,  Lego конструкторлары және тоғыз ноутбук. Енді балалар үйі мен қаладағы мектеп оқушылары көпфункционалды роботтарды жасап, заманауи бағдарламалау тілдерін үйрене алады.

– Бізде осындай кабинеттің болғанына өте қуаныштымыз. Біздің оқушылар бұл ғылымды жетік меңгеретініне сенемін, – деп атап өтті Орталық басшысының м.а. Елена Спасюк. - Робототехника баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды пәндердің бірі. Бүгін сыйға тартылған заманауи жабдық оқу процесін қызықты етуге мүмкіндік береді. Сабақтарда балалар теориялық материалды тәжірибеде меңгереді. Мектепке арналған осындай сынау зертханасы – балалардың оқуын қызықты әрі нәтижелі етудің қосымша мүмкіндігі.

Робототехника кабинеті Компания атынан берілген жалғыз сый емес. ЕRG Рудный индустриалды университетіне, Рудный және Лисаков колледждеріне, Рудный №2 гимназиясына, Қашар №1 орта мектебіне материалдық-техникалық базаны нығайтуға септеседі. ССКӨБ осы оқу орындарымен ұзақ жылдар бойы сенімді серіктес. Олар ЕRG кәсіпорындарына маман даярлайды.