Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттерінде «Tugan Qala» жобасына мердігер ұйымдарды іріктеу басталды

«Tugan Qala» жобасы қолға алынған төрт жылда Рудный қаласы, Қашар және Октябрь кенттерінде 39 нысан салынды. Олардың авторлары – тұрғындардың өздері. Ағымдағы жылы тағы 20 инфрақұрылымдық нысан пайда болады. Маусымның 21-і мен шілденің 11-і аралығында қала тұрғындарының кезекті идеяларын іске асыратын мердігерлерден өтінім қабылдау басталады.

Биыл Рудныйда көптеген идеялар ұсынылды. Олардың барлығы ERG қаржылық көмегі арқылы жалпы сомасы 140 миллион теңгеге іске асырылмақ. 2024 жылдың ерекшелігі Рудныйда екі ауқымды іс-шараны іске асырылады. Жобаның енді Лисаков қаласында да қолға алынды. Күзде тұрғындар «Tugan Qala» порталына өздері мекен еткен қаланы жақсарту жөніндегі идеяларын ұсына алады.

2025 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен айналысуға ниеттілерден өтінімдер маусымның 21-інен бастап шілденің 11-іне дейін қабылданады. Өткен жылдан бастап жобадағы мердігердің рөлі күшейтілді. Жобаларды іске асырудан бөлек, мердігер ұйымдардың өкілдері жобалау сессияларына белсенді қатысады, капитандарға шығындарды есептеуге және жобалау сатысында техникалық шектеулерді анықтауға көмектеседі. Мердігерлер сметалық есептерді ұсынады және жоспарлау кезінде техникалық стандарттарды сақтауға көмектеседі. Бұл тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыру сапасын арттыруға ықпал етеді.

- «Tugan Qala» жобасы қарқынын үдетті. Белгілі бір жобаларға дауыс беретін қатысушылар мен тұрғындардың саны артып келеді, - деп атап өтті ССКӨБ Бас директоры Сергей Напольских. – Бізге сенімді мердігерлер қажет, олардың қала тұрғындарының бастамаларын жүзеге асырудағы рөлі маңызды. Қаланы абаттандыру және онда тұрудың жайлы, нысандардың сапалы болуы осы мердігерлердің адал жұмысына байланысты.

Жобалардың тағдырын, әдетте, дауыс беру шешеді – бұл маңызды кезеңдердің бірі. 2024 жылы рудныйлықтар ерекше белсенділігімен ерекшеленді. Дауыс беруге қатысқысы келетіндердің саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Дауыстар саны жобаның барлық кезеңінде рекордтық деңгейге жетіп, 10 мың дауысқа ие болды. Бұл – 16 жастан асқан қала тұрғындарының жалпы санының 11%.

Рудный қаласының жобалау орталығына жыл сайын жүзден астам жобалық ұсыныстар түседі. Идеяларды пысықтау нәтижесінде биыл 36 жоба дауыс беруге шықты. Оның 14-і жеңімпаздар қатарына кірді және 2024 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

2025 жылы төрт елді мекенде 23-ке жуық инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

– Бүгін айтылған сандар, бұл табысты жоба екенін көрсетеді, оны тұрғындар шын ықыласпен қолдайды, - дейді Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко. - Бүгінгі таңда жобаны іске асыру кезінде маңызды және сәйкесінше басты фактор – сапа. Бұл үшін жұмыс істеу маңызды. «Tugan Qala» жобасының арқасында қалада жаңа,