tilshinews.kz 19.06. 2024 – Ақтөбеде көктемгі тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

Ақтөбеде көктемді тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттерін табыстау жалғасып жатыр. Бүгін тағы 31 отбасы жаңа қонысқа көшеді. Бұл баспаналар Eurasian Resources Group (ERG) бөлген қаражатқа сатып алынған.

Одан бөлек, Топ қаражаты есебінен Ойыл ауданында тұрғын үйлер салынып жатыр. Естеріңізде болса, ERG тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру мен тұрғындарды қолдауға 40 млрд теңге бөлген.

Одан бөлек, Ырғыз ауданында үй салу мәселелері талқыланып жатыр. Аудандардан дайын үйлерді сатып да жоспарда бар.

– Әлеуметтік бағдарлы компания ретінде біз «ERG-дің туған қалаларының» тұрғындары тап болған түйткілдерден шет қала алмаймыз. Көктемгі тасқын салдарынан баспанасыз қалған қазақстандықтар біздің қаржылай қолдауымыздың арқасында баспаналы болып, қалыпты өміріне оралады деген үіметтеміз,- деді ERG директорлары кеңесінің мүшесі – Бақылау кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов

дереккөзі