astanatv.kz 04.07.24 – Қазақстандық колледж студенттері енді Қытайда тағлымдамадан өте алады

Римма ИМАНҒАЗИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІБИ -ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ: Біз Шэньси провинциясымен арнайы меморандумға қол қойдық. Қазір біздің колледж 11 сала бойынша білім береді. 750 студентіміз бар. Бүгінгі шараға тоқталатын болсам біздегі басты мақсат кадр тапшылығын жою.

Сондай-ақ білікті сала мамандарын әзірлеп шығару. Колледж Қытайлық Eurasian Resources Group кәсіпорнының альянсына мүше болды. Ол біріктірілген тау-кен өндіру, өңдеу, энергетика және логистика бойынша әлемдегі үздіктер қатарында. Шетелде білім алғысы келетіндер шеберханада шеберлігін шыңдайтын болады.

Чжан ХУН ШЭНЬСИ, КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ АТҚАРУШЫ ДЕКАНЫ:

Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім және бізге Астана өте ұнайды, бұл әдемі қала. Біз кәсіптік білім беруді жақсарту үшін колледждер арасындағы ынтымақтастықты күшейткіміз келеді. Eurasian Resources Group компаниясы өткізген кәсіби шеберлік байқауына Қазақстандық 110-нан астам өнертапқыш қатысты. Жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер екі апталық халықаралық тағылымдамадан өту үшін Қытайға аттанады. Олар екі ел меморандумға қол қойғаннан кейінгі тағылымдамадан өтетін алғашқылардың бірі болмақ

дереккөзі