Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің Астанада өткен жетінші отырысында Eurasian Resources Group (ERG) пен CITIC Resources Holdings Limited ERG-дің алюминий дививзионын құн құрау тізбегі бойынша дамыту қамында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Салтанатқа ERG Бақылау кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов пен CITIC Resources төрағасы әрі бас директоры Хао Вэйбаолар қатысты.
Кездесуде CITIC Resources пен Eurasian Resources Group екі жақты әріптестікті бұдан ары нығайтып, бірлескен даму стратегияларын, нарықтағы қазіргі перспективаларды терең талқылады. Бірлесіп, қолда бар ресурстар мен технологиялық инновацияларды өзара тиімді пайдалану мен жобаларды іске асыруға септесу жайы сөз болды. Тараптар дамушы нарықтар мен жаңа технологиялар саласында, соның ішінде жаңғыртымды қуат көздері, жасыл технологиялар және т.с.с. бағыттарда әріптестік аясын кеңейтуге уағдаласты.