ERG құрмындағы «Қазхром» компаниясы металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады — пәтер кілттері табысталды, Құрмет тақтасы мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа музейі ашылды, қызметкерлер салалық пен корпоративтік наградалармен марапатталды, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар таңертең зауыттың кіреберісі алдында басталды Құрмет тақтасын ашу салтанатында ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлерін құттықтады. Ол металлургтерге адал еңбегі, шеберлігі мен кәсіпке адалдығы үшін алғыс білдіріп, зауыттың он қызметкеріне пәтер кілттерін табыстады.
— Өз шаңырағың — бұл жай ғана баспана емес, бұл — балалар өсіп-өркендейтін, отбасылық дәстүрлер қалыптасатын орын. Бұл мекенде әрбір адамның ертеңгі күнге сенімі артады. Біздің компания барлық әлеуметтік бағдарламаларды іске асыра береді. Алда бізді жаңа жобалар мен өршіл мақсаттар күтуде. Мұндай командамен біз кез келген сынақтан өтіп, жаңа белестерді бағындыра алатынымызға сенемін, — деді Шухрат Ибрагимов.
Қызметкелер Ақтөбе облысы әкімдігі, ERG компаниясы және Отбасы банкі арасындағы үш жақты меморандум аясында жылдық 5% төмендетілген мөлшерлемемен және бастапқы жарнасы 10% болатын шартпен пәтерлерге қол жеткізді. Жыл соңына дейін корпоративтік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шамамен 80 қызметкері өздерінің көптен күткен пәтерлеріне көшіп барады.
Құрмет тақтасының ашылуында Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те сөз сөйлеп, зауыттың үш қызметкеріне құрмет грамоталарын, алғыс хаттарын және ақшалай сертификаттарын табыс етті. Құрмет тақтасында дәстүрлі түрде жылдың ең үздік қызметкерлерінің 24 фотосуреті орналастырылды. Олардың арасында балқытушылар, кран машинистері, слесарьлар, электрмонтерлер, жүк тиеушілер, химик-инженерлер және басқалар бар. Олардың барлығы жалақысына жылдық 20% үстеме ақы және мерекеге орай ақшалай сыйақы алды.
Сондай-ақ, зауыттағы салтанатты іс-шаралар аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының музейі ашылды. Заманауи кеңістікте кәсіпорынның тарихы мен қазіргі заманғы шешімдер ұштастырылды. Мысалы, мұнда VR-көзілдіріктерінің көмегімен зауыттың төртінші цехына виртуалды экскурсия жасауға болады. Айта кететін жайт, кейбір экспонаттар, мысалы, зауыттың алғашқы пеші «Комсомолка» макетін сервистік қызмет көрсету цехының электромонтері Дияр Нуранов жасаған. Музейдің орналасқан жері баршаға ыңғайлы, кіруге арнайы рұқсат қажет емес. Оның есіктері барлық келушілерге тегін ашық.
Кәсіби мереке аясында «Қазхром» компаниясының ең үлкен цехы боп саналатын өндіріс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Мейрамханадағы салтанатты іс-шараға жүз адам шақырылды, мереке компания мен зауыт басшылығының, цех бастықтарының қатысуымен өтті. Ардагерлерге компанияның бас директоры Сергей Прокопьев пен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабековтың атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді.
Мерекеге орай ERG металлургиялық кластерінің әрбір қызметкері мен ардагеріне 10 мың теңгеден сыйақы таратылды.
«Қайсар рухты жандар» деген ұранмен ақтөбелік металлургтерге арналған мерекелік концерт қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтті.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов өңірдің дамуына үлес қосып жүрген «Қазхром» компаниясына алғыс білдіріп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының төрт қызметкерін марапаттады.
Әрі қарай, қаланың бас сахнасында зауыт қызметкерлері мен «Қазхромның» кеңсе мамандары марапатталды. Оларға үш дәрежеде «Еңбек Даңқы» салалалық марапаттары, «Ерен еңбегі үшін», «ERG-ге адалдығы үшін», «Қазхром» ТҰК» АҚ еңбек сіңірген және құрметті қызметкері» корпоративтік марапаттары, «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Металлургтер күніне орай арнайы бекітілген «Компанияның дамуына қосқан үлесі үшін», «Отты кәсіптің әйелі» және «Жастар лигасының үздік белсендісі» атты номинациялардың иегерлері анықталды. Жалпы кәсіби мерекеге орай Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен компания кеңсесінің шамамен 300 қызметкері түрлі марапаттар алды.
— Ең алдымен, біздің металлургтерге, металл адамдарына қайсар мінезі мен болаттай ерік-жігері үшін алғыс айтамын. Бұл мерекенің сәні – сіздер, сіздердің арқаларыңызда біздің дивизион әлемдегі жоғары көміртекті ферроқорытпа өндірісінің үштен бірін құрап отыр. Бұл мерекені қала деңгейінде атап өтіп жатырмыз, өйткені Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бүгінгі жетістіктері мен табыстары көп жағдайда сіздердің, қала тұрғындарының арқасы. Балаларымызды тәрбиелеп жатқан ұстаздарға, бізді жұмысқа жеткізетін адамдарға, біздің қажеттіліктерімізді өтейтін серіктестерімізге тұрақты және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. «Қазхром» кәсіпорындарының жұмысына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға рақмет. Мереке құтты болсын!, — деп қала тұрғындарын «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев құттықтады
Концерттің тағы бір ерекшелігі — кәсіпорын қызметкерлері, балет өнерпаздары және батутистер өнер көрсетті. Қызметкерлер танымал әндерге кавер орындап, сөздерін өздері жазған «Металлургтер the best», «Біз өзіміз таңдау жасаймыз» деген әндерді орындап, басты экранда #МеталлАдамдары челленджі аясында жиналған металлургтердің фотолары көрсетілді. Сондай-ақ, Scoter тобының әйгілі «Fire» композициясы шырқалған сәтте металл костюмдерін киген кейіпкерлер шарқайрақпен сахнаға шықты.
Көрермендер үшін нағыз сый: аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, әдемі және батыл «KeshYou», көпшілік сүйіп тыңдайтын Мирас Жүгінісов, керемет «Ұлытау» және әлемге танымал еуродэнс жұлдызы Morandi өнер көрсетті.
8 минуттық отшашу кештің ең әсерлі сәтіне айналып, көрермендерге естен кетпес әсер сыйлады.