Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Фестивальге 300-ге жуық өнерпаз қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласында Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында "Tugan Qala" орталығының ұйымдастыруымен "Jastar fest" фетивалі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада 300-ден астам қатысушы өнер көрсетті. Фестиваль үш аталым бойынша өткізілді. Нақтырақ айтқанда, хореография, ән айту және сурет салу.
- "Туған қала" жобасы Ақсу қаласында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Бастапқы екі жылда жоба қаланың инфрақұрылымына басты назар аударса, биыл мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды жөн көрді, - дейді орталық кеңесшісі Эльмира Рамазанова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдымен қала тұрғындарының идеялары қаралған. Жалпы ақсулықтар 114 идея ұсынған екен. Оның 15 идеясы мәдени іс-шараларға байланысты. Тұрғындар ұсынған бес іс-шара жобасы дауыс беру арқылы қабылданды. Соның бірі - Jastar fest.
Орын алған қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, Ақсудың өнерлі жастарын қамтыған "Jastar fest" жобасын жүзеге асыруға демеушілік етіп, көмек көрсеткен - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы.